МУЛЬТФИЛЬМДЕР АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШТАҒЫ БАЛАҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.62.3.012Кілт сөздер:
мультфильм, танымдық, белсенділік, шешімАннотация
Бұл мақалада мультфильмдер балалардың белсенділігін дамыту құралы ретінде қарастырылады. Бастауыш сынып оқушыларына мультфильм арқылы ағылшын тілін үйрету саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін зерттеп, талдайды
Мақаланың мақсаты – балалардың танымдық белсенділігін дамытуда мультфильмдердің маңыздылығын теориялық тұрғыдан негіздеу және бекіту.
Мультфильмдерді пайдалану окушыларды белгілі бір дәйектілік пен біртіндеп күрделенуді қамтитын жүйеге ұйымдастыруда тиімді болып табылады.Эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау эксперименттік сыныптарда танымдық қызығушылықтың қалыптасуының оң динамикасын көрсетті. Эксперименттік жұмыстың негізгі міндеті шешілді және жеке даму жағдайларының жүйесі бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тіліне деген танымдық қызығушылығын қалыптастырудың тиімді құралы болды.