БОЛАШАҚ АРНАЙЫ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІН ЖЕТІЛДІРУДІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ

Автор(лар)

  • Жолдасбеков А.А. Южно-Казахстанский университет им М.Ауэзова
  • Жолдасбекова Д.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.70.3.004

Кілт сөздер:

арнайы педагогтар, студенттер, кәсіби іс-әрекет, кәсіби іс-әрекетін жетілдіру, дайындық, технологиялық қамтамасыз ету, әдістеме, мамандық

Аннотация

Мақалада болашақ арнайы педагогтардың кәсіби іс-әрекетін жетілдіруге дайындығын қалыптастыруды технологиялық тұрғыда қамтамасыздандыру мәселесі қарастырылады. Әсіресе мұнда олардың маңызды кәсіби құзыреттіліктерді өз бетінше жүзеге асыруға дайын болуын, тьюторлық қызметке, ерекше күтімді қажет ететін  балаларды қолдауда отандық және шетелдік әдістемелік тәжірибені жүйелеуге, жалпылауға және таратуға дайын болуына  көңіл бөлінеді. 

 

Жасалған талдаулар болашақ арнайы педагогтардың кәсіби іс-әрекетін жетілдіруге дайындығын қалыптастыруды технологиялық қамтамасыз ету мәселесі педагогикалық білім беруді арттырудың заманауи кезеңінде оқу-әдістемелік қамтамасыз ету − болашақ маманды даярлау сапасы идеяларын жүзеге асырудың шешуші факторы болып табылатындығын көрсетеді. Дегенмен, арнайы педагогтарды даярлау мәселелерінде, нақтырақ айтқанда, оқыту сапасын оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу және оны ғылыми негіздеу қазіргі кезде ғалым-зерттеушілер назарынан тыс қалып отыр. Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету әртүрлі білім беру бағдарламаларына сәйкес, студенттердің іс-әрекетінің барлық түрлерін қамтиды. Сонымен, оқу сапасын оқу-әдістемелік тұрғыда қамтамасыздандыру жұмысын ғылыми негізге сүйене отырып жүзеге асыру, әзірленген оқу-әдістемелік құжаттаманың сапасын бағалаудың нақты өлшемдері мен тетіктерін құрастыру қажеттіліктері байқалады. Мақалада арнайы білім беруді дамытудың қазіргі кезеңі жүйесінде негізделген арнайы педагогтың  жеке қасиеттеріне көп көңіл бөлінеді. Жүргізілген эмпирикалық зерттеулер негізінде авторлар  болашақ арнайы педагогтардың кәсіби іс-әрекетін жетілдіруге дайындығын қалыптастыруды технологиялық тұрғыда қамтамасыздандыруға ерекше мән берілуі  керектігін тұжырымдайды. Зерттеу мақсатымыз болашақ арнайы педагогтардың кәсіби іс-әрекетін жетілдіруге дайындығын қалыптастыруды технологиялық тұрғыда қамтамасыздандыруды теориялық негіздеу және жаңа технологиялары мен әдістерін ұсыну. 

Болашақ арнайы педагогтардың кәсіби іс-әрекетін жетілдіруге дайындығын қалыптастыру олардың кәсіби – педагогикалық іс әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай ерекше күтімді қажет ететін балалармен жұмыс істеудегі құзіреттілігін арттыра түседі.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Статьи