АБИТУРИЕНТТЕРДІ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАУҒА БАУЛУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Автор(лар)

  • Асылбекова С.К. Евразийский Национальный университет им. Л.Н.Гумилева
  • Давлетова А.Х.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.004

Кілт сөздер:

кәсіптік бағдар беру, талапкер, кәсіптік жарамдылық, қабілеттер, кәсіптік бейімділік, болашақ мамандық, бәсекеге қабілетті тұлға, оқу мотивациясы

Аннотация

Бұл мақалада қазақстандық мектептер мен ЖОО-ның кәсіби бағдар берудегі жұмыс мәселелері қарастырылады, осы жұмысты жүргізудің негізгі ережелері мен тәртібі баяндалады. Мақаланың мақсаты жоғары оқу орындарына түсу кезінде жүргізілетін іс-шараларды зерттеу болып табылады, шетелде қолданылатын әдістер мен ұсынымдар зерделеніп, ұсынылды. Г.Резапкинаның модификациясында атақты литвалық психолог Л.Йовайшидің жоғары сынып оқушыларына (мектеп түлектері мен талапкерлерді қоса алғанда) «Кәсіби бейімділікті анықтау» тесті ұсынылды. Оқу мотивациясын анықтаудың әртүрлі әдістері ұсынылған. Талдау негізінде А.А. Реан мен В.А. Якунин ұсынған әдісі ең қолайлы әдіс ретінде таңдалды. Бұдан әрі осы әдістеме бойынша Қазақстанның үш жоғары оқу орнының докторанттары мен магистранттарының арасында жүргізілген эксперимент барысында сауалнама алынды, ал оның басты мақсаты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді таңдау кезінде олардың нені басшылыққа алғанын және нені көздегендерін анықтау болды. Бұл мақалада жоғары оқу орындарында сауалнамаға қатысқан білімалушылардың нәтижелерін қарастыру нәтижесінде оларға мектеп жылдарында дұрыс кәсіптік бағдар берілмегені анық болды. Бұл жердегі мамандықты таңдау респондеттердің қалауы емес, ата-аналардың, достарының және тағы басқа  «көмекшілердің» таңдауы екені анықталды. Талдау жүргізілді және жүргізілген эксперименттің негізгі кезеңдері сипатталды. Алынған нәтижелер жүргізілген зерттеудің өзектілігін растайды. Осы мақалада талқыланған мәселе біздің елде аз зерттелгендіктен, болашақта түлектерге үлкен көмекші құрал ретінде қолданыла алады. Яғни, зерттеу нәтижелері мен қолданылатын әдістер үміткерлерге мектепті тәмамдағаннан кейін болашақ мамандықты таңдауда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-28

Жоба

Раздел

Статьи