ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ МАТЕРИАЛДАРЫН МЕКТЕП ПРАКТИКАСЫНА ЕНДІРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.62.3.010%20Кілт сөздер:
қазақ этнопедагогикасы материалдары, оқу-тәрбие процесі, өлшемдер, критерийлер, принциптерАннотация
Мақалада авторлар Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім министрлігінің қабылданған бірқатар қарарларында, құжаттарында, Елбасының 2017 жылы 12-ші сәуірде жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында дәйектелген қазақ этнопедагогикасы материалдарын мектеп тәжірибесіне ендірудің өзектілігін, этнопедагогикасы материалдарын оқу үдерісінде қолданудың өлшемдері мен критерийлерін, принциптерін ұсынады.
Аталған өлшемдер мен принциптер тарихи педагогика ғылымында қалыптасқан тұжырымдамалармен қатар заманауи қоғамның гуманитарлық сипатынан, демократиялық, әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастардың, ғылым салаларындағы интеграциялану бағыт-бағдарынан туындау үстіндегі тың қағидалар негізінде сұрыпталды. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқытылатын пәндердің мазмұнындапайдалану өлшемдері мен принциптері жеке тұлғаның жалпыадамзаттық негізінде интеллектуалдық қабілеттерінің қоғамдық өркениетке сай бәсекеге қабілетті дамуына қалыптасуына,тәрбиеленуіненегіз бола алады.