БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА STEM ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

Автор(лар)

  • Нұрғожа Ж.М. KazNU
  • Кенжеева Ж.К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.028

Кілт сөздер:

биология, STEM, Cooperative learning, PBL (Problem - Based Learning), PBL (Project - Based Learning), IBL ( Inquiry - Based Learning), Google form, тірек-қимыл жүйесі.

Аннотация

Бұл мақалада білім беру мекемелерінде биологиялық білім беруде заманауи әдістердің бірі – STEM технологиясын қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру мәселесі көрсетілген және технологияның тиімділігін дәлеледеу мақсатында эксперименттік жұмыстар жүргізіліп, Cooperative learning әдісімен жасалған сабақ жоспарының үлгілік нұсқасы ұсынылды.

Қазіргі кезде дүниежүзінде орын алып жатқан төртінші технологиялық революцияның нәтижесі: ақпараттардың қарқынды ағыны, технологиялық әзірлемелер мен инновациялардың жоғары көрсеткіші барлық саладағы қоғам мен жеке тұлғаның сұранысын, қызығушылығын өзгертіп жатыр. Бұл өзгерістер білім саласына да өз әсерін тигізуде. Осыған сәйкес, білім беру жүйесіне оң бастамаларды енгізе отырып, жастарымызға әлемдік стандартқа сай, жан-жақты, сапалы білім беруіміз қажет. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесіне заманауи жаңа әдістер мен технологияларды енгізуді талап етеді.

Зерттеу мақсатымыз «STEM» білім беру бағдарламасы  негізінде биологиялық білім беру және оның тиімділігін ашып көрсету болып табылады.

Әлемдік білім берудің негізгі тренді – STEM технологиясын жаратылыстану ғылымдарының бірі биологияда қолдану оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, қарым-қатынас жасау, алған білімдерін өмірде пайдалана алу, кез келген уақытта өзгерістер мен тәжірибеге ашықтық қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл, креативті көзқарас қалыптастырады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-28

Жоба

Раздел

Статьи