ПЕДАГОГТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

Автор(лар)

  • Хорғасбай Е.Т. КазНПУ имени Абая
  • Карбаева Ш.Ш.
  • Бейкитова А.Н.
  • Казахбаева Д.М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.71.4.010

Кілт сөздер:

шығармашылық бағыттылық, білім беру үдерісінің инновациялары, педагогтың инновациялық қызметі,, бәсекеге қабілеттілік, оқу жетістіктері, білім беру нәтижелері, оқыту үлгісі, жобалау технологиясы

Аннотация

Мақалада педагогтың шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыру, білім беру үдерісінің сапасын арттыру және инновациялық режимдегі өзіндік дамудың тиімді жолдарын іздестіру мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ, мақалада инновацияны білім беру үдерісіне ендірудің тарихи заңдылықтары, қоғамның қазіргі даму жағдайындағы педагог қызметінің әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, білім мазмұнын ізгілендірумен, педагогтардың педагогикалық жаңғыруларға көзқарасымен және білім беру ұйымдарының нарықтық қатынасқа кірігуімен байланысты инновациялық бағыттылығының қажеттілігі ашылған.

Сонымен қатар, авторлар педагогтың шығармашылық іс-әрекетін зерттеу негізінде жаңа формация педагогының моделін ұсынған, ол жаңа оқыту технологияларын игеруде кәсіби өзін өзі жетілдіру, танымдық белсенділіктің жоғары деңгейін, шығармашылық қабілеттерді, білімдер мен біліктіліктерді меңгеру арқылы инновацияларды жүзеге асыруды көздейді.

 Қазіргі білім беру жүйесіндегі ең өзекті мәселелердің бірі − бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу. Бұл ретте инновацияға бейімділік болашақта қызмет саласын, кәсіби ортасын оңай өзгертуге және анағұрлым беделді болып табылатын жаңа еңбек саласына көшуге әрқашан дайын болуға мүмкіндік береді.

Қоғамның осы даму кезеңінде бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға әдістемелік және проблемалық-бағдарланған инновацияларды оқыту процесіне енгізу арқылы қол жеткізуге болады.

Білім әлеміне еніп жатқан инновациялық технологияларды реттеу, жүйелеу және сұрыптау арқылы педагог жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалануда өзін-өзі дамытады және қалыптастырады, білім алушы қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады, білім сапасын арттырады. Сондықтан да, жас ұрпаққа білім беру жолында инновациялық  технологияны оқу үрдісінде пайдаланып, тиімдімділігін арттырудың маңызы зор.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-27

Жоба

Раздел

Статьи