АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІНЕ ТӘРБИЕЛЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.71.4.006Кілт сөздер:
тәрбие, ЖОО студенттері, қарым-қатынас, тұлғааралық қарым-қатынас, қарым-қатынас мәдениеті, дәстүрлі педагогикалық мәдениет, ұлттық құндылықтар, Абай Құнанбайұлы шығармалары.Аннотация
Мақалада адамзат өміріндегі қарым-қатынас тіршілік пен танымның, білім мен мәдениеттің маңызды бөлшегі ретінде қарастырылып, осы мәселенің бүгінгі күнгі зерттелу деңгейіне түрлі ғылыми еңбектер негізінде шолу жасалады. Қоғамдық қарым-қатынас үдерісінде ең алдымен адамдарды мәдениетке тәрбиелеудің маңыздылығы мен қажеттілігі айқындалып, қазіргі таңдағы тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетінің жай-күйіне сипаттама беріледі. Осы орайда мақалада қазақ даласының кемеңгер ойшылы, ақын, ағартушы, ұлт ұстазы атанған АбайҚұнанбайұлы шығармалары арқылы бүгінгі студент жастарды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің ғылыми-практикалық мәні мен маңызы жан-жақты баяндалады.
Сонымен қатар жоғары оқу орны студенттеріне тән бүгінгі қарым-қатынас ерекшеліктері сипатталып, олардың тұлғалық әлеуметтенудегі жетекші рөлі сөз етіледі. Жоғары оқу орны білім алушыларына тән қарым-қатынас мәдениетін кеңінен зерттеуші шетелдік және отандық ғалымдардың тұжырымдары мен ғылыми-зерттеу нәтижелері талданып, бүгінгі күнгі тәжірибемен сабақтастырылады. Қазақ халқының ұлттық рухани құндылығы жүйесінен өзіндік айрықша орын алатын тарихи тұлға, ақын – Абайдың мағыналы ғұмырын, оның жетілу арналарын бағамдап, ой алыбы ретінде қалыптасу жолын көрсететін Абайтану тарихы мен Абай мұрасының танымдық-тәрбиелік орнын дәріптеудегі зерттеуші-ғалымдардың идеялары жан-жақты сараланады.
Абай Құнанбайұлы шығармашылығындағыоның рухани педагогикалық мәні мен маңызы зор қарым-қатынас мәселесін арқау еткен шығармаларына, әсіресе, қара сөздеріне талдау жасай келе, олардың ішкі мазмұнының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы ықпал ету күші мен түрлі сипатына ие екендігі атап көрсетіледі. Осы тұста бүгінгі академиялық ортадағы студенттерді қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеудегі ақын шығармаларының танымдық, тәрбиелік маңызы мен мүмкіндіктері тұжырымдалып, оны жастар арасында кеңінен насихаттау мен ЖОО-ғы оқу-тәрбие үдерісінде мақсатты, жоспарлы түрде үйлесімді пайдаланудың қажеттілігі көрсетіледі.