ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ – БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.71.4.007Кілт сөздер:
толеранттылық, цифрлық құзыреттілік, цифрлық технология, құзыреттілік, түсіну, өзара түсіну, ынтымақтастық, болашақ маманАннотация
Мақалада болашақ мамандардың цифрлық құзыреттілігі ретінде толеранттылықты түсіну, өзара түсіну және ынтымақтастық коммоненттерінің маңызы қарастырылады. Авторлар болашақ мамандардың цифрлық құзыреттілігін екі бағытта топтастырады және олардың қажеттіліктерін мәселелерді зерттеу арқылы ашып көрсетеді.
Студенттермен жүргізілген жұмыстардағы цифрлық құзыреттіліктерді анықтау қажеттіліктері мен О.Б. Полушинаның (когнитивтілік, эмоционалдық, мінез-құлықтық) кәсіби толеранттылық құрылымының өзара байланысын көрсетіледі. Болашақ мамандардың цифрлық құзыреттіліктерін қалыптастыру әдістерін түсіну, өзара түсіну және ынтымақтастықпен байланыстырады. Авторлар студенттермен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде цифрлық құзыреттіліктерге қойылатын өлшемдерді анықтайды. Цифрлық құзыреттіліктер өлшемдерін анықталған мәселелермен негіздейді.
Болашақ мамандардың цифрлық құзыреттілігі ретінде толеранттылықтың мәні мен рөлі өндірістегі өзгерістердің қажеттіліктеріне сәйкес нақтыланады. Болашақ мамандардың мотивациялық, когнитивтік, эмоционалдық, мінез-құлықтық компоненттері бойынша кәсіби даярлығының бастапқы және соңғы кезеңінің қорытындыларына талдау жасалады.
Эксперименттке Ж. Ташенов атындағы университеттен 60 студент қатысады. Экспериментке қатысқан болашақ мамандарға цифрлық технологияларды қолдану арқылы әртүрлі форматта бірнеше түрде «онлайн» және «оффлайн» тренингтер ұйымдастырылады. Студенттердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру барысында толеранттылықтың түсінік, өзара түсінік, ынтымақтастық компоненттерінің өзара байланысы мен қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асырылу механизмдері қалыптасады. Болашақ мамандардың цифрлық технологиялармен жұмысы олардың цифрлық құзыреттіліктерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Болашақ мамандардың цифрлық технологиямен жұмыс жасаудағы кәсіби толеранттылығының өзектілігі негізделеді. Болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігі олардың цифрлық құзыреттілігі толеранттылығының замануауи цифрландыру үдерісі сәкестілігіне байланысты екендігі көрсетіледі. Болашақ мамандардың цифрлық технологиялар түсінігіне, кері байланыс жасаудағы өзара түсінігіне және цифрлық құзыреттілігі ретіндегі ынтымақтастықтағы толеранттылығына аса назар аударылады.