STEM - БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.73.2.028Кілт сөздер:
STEM - білім беру, жобалар әдісі, физика пәні, жобалар, құзіреттер, дағдылар, модельдер, экспериментАннотация
Мақалада авторлар аталған тақырып бойынша әдебиеттерді талдау негізінде мектептегі білім беру жүйесіне STEM технологиясын енгізу туралы өз пікірлерін ұсынады. Зерттеу барысында физиканы оқытуда STEM - білім беру технологиясы негізінде жүзеге асырылған жобалар қаралып, талданды. Оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін, атап айтқанда, 21 ғасыр мамандарына қажетті оқу-танымдық, ақпараттық, коммуникативті құзыреттіліктер мен проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастырудың тәсілдері зерттелді.
Оқушылардың жоғарыда аталған құзыреттіліктері мен дағдыларын дамыту жолдарын зерттей отырып, авторлар инженерлік және технология элементтерін пайдаланатын STEM логикасында жасалған бірнеше жобаларды ұсынады. Мұндай жобалар білім алушыларға физикалық құбылыстарды жақсырақ түсінуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар техникалық, шығармашылық, дизайн және топтық жұмыс дағдыларын дамытады. Авторлар педагогикалық эксперимент жүргізіп, оның барысында физика пәні бойынша ұйымдастырылған факультатив сабақтарында дайындалған жобаларды сынақтан өткізді. Эксперимент нәтижелері оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуда жобалық оқытудың тиімділігін көрсетті.
Осылайша, физика сабақтарында STEM - білім беруге негізделген жобалық оқытуды қолдану тек жаратылыстану пәнін оқу үшін ғана емес, сонымен қатар оқушылардың болашақ кәсіби іс-әрекеті үшін де маңызды құзыреттіліктер жиынтығын қалыптастыруға ықпал етеді.