ОҚЫТУДЫҢ КОГНИТИВТІ ТЕОРИЯСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ДЕРБЕС БЕЙІМДЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Автор(лар)

  • Р.З. Жилмагамбетова ЕНУ
  • Ж.Б. Копеев
  • К.Р. Кусманов
  • E. Класикан

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.73.2.025

Кілт сөздер:

дербес бейімдеп оқыту, оқытудың когнитивті теориясы, оқыту технологиялары, білім беру жүйесі, электронды оқыту, жеке оқыту, саралап оқыту, оқу дағдылары

Аннотация

Бұл мақаладағы ғылыми зерттеу өзекті болып табылады және оқу материалын әр білім алушының жеке мүмкіндіктеріне бейімдеуге және барлық оқу курстарында оқытылатын оқу материалын түсінуге бағытталған. Ғылыми зерттеудің мақсаты – оқытудың когнитивті теориясына негізделген дербес бейімдеп оқыту технологиясын әзірлеу. Мақсатқа жету үшін қолданыстағы оқыту технологияларына шолу және салыстырмалы талдау жүргізілді. Шетелдік және отандық білім беру жүйелеріндегі білім беру технологияларын талдау арқылы дербес бейімдеп оқыту технологиясына қойылатын талаптарды анықталды. Бейімдеп оқытуды енгізу әрбір білім алушы үшін неғұрлым өзекті және күрделі мазмұнды ұсына отырып, оқытудың қажетті нәтижелеріне қысқа мерзімде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Зерттеудің әдіснамалық базасы жүйелік талдау мен білімді басқарудың әдістері мен технологияларынан тұрады. Оқытудағы когнитивтік теория әрбір білім алушыға түсіндірілетін кіріс ақпаратын түсінуі үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Оқытудың когнитивті теориясына сүйене отырып, авторлар әр білім алушының ерекше қажеттіліктері мен сипаттамаларын ескере отырып, оқу процесін оңтайландыруға қабілетті инновациялық бейімделу технологиясын әзірлеуді ұсынады. Жұмыстың қорытындысы когнитивті теория білім алушының танымдық дағдыларын дамытуға ғана емес, сонымен бірге зерттейтін ақпаратты түсінуді қамтамасыз ететін оқу процесін ұйымдастырудың белгілі бір құрылымын құруға бағытталғандығына негізделген. Зерттеу нәтижелері қазіргі білім беру тәжірибесінде оқытудың дербес бейімделу әдістерін қолдану перспективасы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл мақала оқу процесін оңтайландыруға және оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін білім беру және ақпараттық технологиялар саласының дамуына құнды үлес қосады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-27

Жоба

Раздел

Статьи