МЕКТЕПТІҢ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ БҰЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Автор(лар)

  • Копеев Ж.Б. Казахский агротехнический исследовательский университет имени С. Сейфуллина
  • Тайчик Ж.Е.
  • Джакина А.А.
  • Ордабаева Ж.E.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.025%20%20%20

Кілт сөздер:

дербес бейімдеп оқыту, оқытудың когнитивті теориясы, оқыту технологиялары, білім беру жүйесі, электронды оқыту, жеке оқыту, саралап оқыту, оқу дағдылары

Аннотация

Бұл мақалада бұлтты технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады, оның көмегімен білім алушылар мен мұғалімдердің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруға болады, бұл танымдық тәуелсіздікті дамыту және оқу материалын сәтті игеру шарты болып табылады. Мақалада бұлтты технологиялар, олардың түрлері, дидактикалық ерекшеліктері, мектептің білім беру процесінде бұлтты технологияларды енгізу мен қолданудың артықшылықтары көрсетілген және сипатталған. Білім беруде бұлтты технологияларды қолданудың басты артықшылығы – қажетті бағдарламалық жасақтаманы сатып алу шығындарын азайту, білім беру процесінің тиімділігі мен сапасын арттыру ғана емес, сонымен қатар оқушылар мен студенттерді қазіргі ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау. Бұлтты технологияларды қолдана отырып, «төңкерілген сынып» моделі түрінде аралас оқыту арқылы сабақты ұйымдастырудың дидактикалық аспектілеріне көп көңіл бөлінген. «Төңкерілген сынып» – бұл сандық құралдардың мүмкіндіктерімен кеңінен танымал болған инновациялық оқыту сценарийі. «Төңкерілген сынып» технологиясының ерекшеліктері талданған және анықталған. Дәстүрлі оқыту мен «Төңкерілген сынып» технологиясының салыстырмалы сипаттамасы ұсынылған.

Ұсынылған материал бұлтты технологияларға негізделген білім беру процесі оқу материалын кез-келген уақытта, кез-келген жерде көруге, сондай-ақ оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекеттесуін сақтай отырып, оқытуды дербестендіруге мүмкіндік береді деген қорытынды жасауға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-27

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles