АРИФМЕТИКАЛЫҚ ПРОГРЕССИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

Автор(лар)

  • Искакова М.Т. КазНПУ имени Абая
  • Диярова Л.Д.
  • Усайнова Г.М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.033

Кілт сөздер:

мектеп математикасы, алгебра, математиканы оқыту, математиканы оқыту әдістемесі, стандартты емес есептер, есептерді стандартты емес тәсілдермен шешу, арифметикалық прогрессия, өздік жұмыс

Аннотация

Мақалада мектеп математикасында арифметикалық прогрессияны оқыту маңызды, сол себепті білім алушыларға арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын табуды үйрету жан-жақты, әрі тереңдетіліп қарастырылды. Арифметикалық прогрессияға қатысты есептерді шығарудың бірнеше тәсілдерін қолдану оқушының есепті шығаруға деген қызығушылығын оятады. Өз бетімен есепті бірнеше тәсілмен шығару олардың дамуына оң әсер етеді. Білім алушыларға есептерді екі немесе одан да көп тәсілмен шығаруды үйрету керек. Оқушы бір әдіспен бірнеше есептерді шығарту арқылы оларды сол әдісті толыққанды игеруге үйренсе, ал бір есепті бірнеше әдіс-тәсілдермен шығару арқылы олар ізденушілік, жан-жақтылық қасиетке жетеленеді. Сол себепті біз, білім алушылардың есепті тез және дұрыс шығаруына арналған арнайы әдісті ұсынып отырмыз. Бұл әдісті қолдану арқылы біз оқушының есте сақтау қабілетін, жан-жақтылығын және логикасын, ізденушілік қабілетін дамыта аламыз. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын стандартты емес әдіспен табуды үйретіп, бірнеше мысалдар келтірілдік. Ұсынылып отырған әдістеме, арнайы формула мектеп оқушыларын жаңашылдыққа, шапшаңдыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді. Білімалушылардың есепті тез, әрі оңай жолмен шығаруына жетелейтін әдістеме екені нақты есептер арқылы көрсетілді. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде оқытып-тәрбиелеу, әр сабақ барысында, әр тақырыпты меңгерту барысында жүзеге асырылады. Ұсынылып отырған әдіске бірнеше арифметикалық прогрессияға мысал есептер өте орынды таңдап алынған. Ұсынылып отырған арнайы әдістерді мектеп оқушыларына, жас мұғалімдерге, математика мұғалімдеріне, математик-студенттерге, магистранттарға дидактикалық материал тұрғысынан таптырмас құрал деуге болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-28

Жоба

Раздел

Статьи