ОҚУДЫ ҮЙРЕНУ КЕЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА КЕШЕНДІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.76.1.032%20Кілт сөздер:
оқу, оқу сауаттылығы, оқу дағдылары, бастауыш сынып оқушысы, педагогикалық процесс, қатысушылардың өзара іс-қимылы, психологиялық-педагогикалық қолдау, оқуды үйренуАннотация
Зерттеу барысында балаларды оқуға үйрету мәселесінің
аспектілеріне шолу жасалды. Оқушылардың оқу процесінде туындайтын
қиындықтары, сондай-ақ авторлардың өзгеруіне байланысты педагогтардың
қиындықтары, оқу сауаттылығын қалыптастыру мәселелері бойынша
бастауыш сынып мұғалімдерінің білім деңгейінің жеткіліксіздігі анықталды.
Мақаланың мақсаты – бастауыш мектепте оқу процесін тиімді меңгеру
үшін педагогикалық процеске қатысушылардың кешенді өзара әрекетінің
алгоритмін анықтау.
Авторлар оқу сауаттылығын қалыптастыру, сана, еркін сөйлеу,
мәнерлілік, дұрыстық сияқты дағдыларды игеру мәселесі бойынша шетелдік
және отандық психологиялық-педагогикалық дереккөздері талдалды;
оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, логопедтер, психологтар арасында
жүргізілген өзіндік зерттеу нәтижелері ұсынылды. Математикалық өңдеуге
негізделген сұрау, бақылау, сауалнама сияқты диагностикалық әдістер
қолданылды. Оқу дағдыларының бұзылуына және олардың алдын алу
бойынша профилактикалық жұмыстың бағытына ықтимал бейім білім
алушылардың топтары анықталды.
Жалпы педагогикалық мен тіл білімінің принциптеріне сүйене
отырып, жүйелі, кешенді және тұлғаға бағдарланған тәсілдерге негізделген
оқушыларды оқу процесін оқыту кезінде кешенді қолдау алгоритмі әзірленді,
оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша кешенді қолдауын
іске асырудың негізгі шарты – педагогикалық процеске қатысушылардың
өзара іс-қимылы, жұмыстың әртүрлі формаларын (оқу дағдыларын
диагностикалау нәтижелерінің мониторингін талқылау, білім алушыларға
арналған жеке бағдарламаларды бірлесіп жасау, ата-аналарға арналған
мектеп, флешмоб, коворкинг, он-лайн кеңес беру, әлеуметтік желілерде
беттер құру) пайдалану кезінде айқындалды. Педагог қызметкерлерге,
бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына әдістемелік ұсынымдар
ұсынылды. Зерттеу нәтижелерін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары,
бастауыш сынып мұғалімдері, арнайы педагогтар, психологтар жұмысында,
сонымен қатар жоғары оқу орындарының педагогикалық ғылымдар
бағыттары бойынша білім алушыларын 011 – Педагогика және психология,
012 – Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы, 013 – Пәндік
мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау, 019 – Арнайы педагогика
даярлау кезінде пайдалануға болады.