ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ДУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН ТӘЛІМГЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ

Автор(лар)

  • Карстина С.Г. Karagandy University of the name of academician E.A. Buketov
  • Шкутина Л.А.
  • Мусенова Э.К.
  • Тусупбекова А.К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.001

Кілт сөздер:

дуальды оқыту, құзыреттілік, коммуникация, біліктілікті арттыру, кәсіптік пәндер оқытушысы, мотивация, тәлімгер, дағдылар, бағалау, білім беру технологиялары, кері байланыс

Аннотация

Қазіргі заманғы әлеуметтік, экономикалық, технологиялық трансформациялар инженерлік және жаратылыстану-ғылыми кадрларды даярлау процесіне, оқыту ортасына, білім алушылардың қажеттіліктеріне айтарлықтай әсер етеді. Осы қалыптасқан жағдайда кәсіптік пәндер оқытушылары, студенттерді дуальды оқытуға қатысатын компаниялардың тәлімгерлері жоғары оқу орындары/колледждер мен кәсіпорындар арасындағы желілік өзара іс-қимылдың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, біліктілікті арттыру және үздіксіз оқыту бағдарламалары шеңберінде қосымша кәсіптік даярлау және әмбебап құзыреттілікті жетілдіру үшін мүмкіндікке ие болуы тиіс. Ол үшін келесі факторлардың болуы да маңызды: олардың өзін-өзі оқыту және өзін-өзі дамыту үшін әртүрлі білім көздеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету, ынтымақтастық пен тәжірибе мен идеялармен алмасу үшін жағдайлар жасау, кәсіби тағылымдамалар үшін мүмкіндіктер беру, ынталандыру және көтермелеу жүйесін өзектендіру тетіктерін құру. Осыған сәйкес, берілген зерттеудің мақсаты студенттер дуальды оқытуына қатысатын кәсіпорындар/компаниялардың кәсіби пәндер оқытушылары мен тәлімгерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыру негізгі тәсілдеріне талдау жүргізу және олардың тиімділігін эксперименттік тұрғыдан тексеру болып табылды. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыста жоғары оқу орындары/колледждер кәсіптік пәндер оқытушыларының және кәсіпорындардан/компаниялардан білім алушылардың тәлімгерлерінің әмбебап құзыреттілігі мен кәсіптік сауаттылығын дамыту тәсілдері, компоненттері, мәні, қарастырылды, біліктілікті арттыру бағдарламаларының сапасына және олардың тартымдылығына әсер ететін факторлар анықталды, оқытушылар мен тәлімгерлердің біліктілікті арттыру курстарына қатысуының мотивациялық аспектілеріне талдау жүргізілді, оқытушылар мен тәлімгерлердің біліктілігін арттыру курстарына қатысуының оқытушылар мен тәлімгерлердің кәсіби дамудағы қажеттіліктері анықталды.

Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы оның нәтижелері инженерлік және жаратылыстану-ғылыми бейіндегі дуальды бағдарламалардың оқытушылары мен тәлімгерлерінің әмбебап құзыреттілігі мен кәсіби сауаттылығын жетілдіруге бағытталған біліктілікті арттыру бағдарламаларының құрылымын ұсынуға, бағдарламалардың негізгі модульдерінің мазмұнына қойылатын талаптарды анықтауға және негіздеуге, біліктілікті арттыру бағдарламаларының тиімділігі мен тартымдылығының көрсеткіштерін анықтауға, саралауға және кәсіби пәндердің тәлімгері мен оқытушысына да қажет негізгі дағдылар мен құзыреттерді нақтылауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, тыңдаушылардың біліктілікті арттырудың апробацияланатын бағдарламаларына қызығушылығын қамтамасыз ететін аса маңызды факторлар айқындалды, жұмыста қосымша білім беру жүйесінде пайдалану кезінде олардың құндылығын қамтамасыз ететін бағдарламалардың мазмұнына және біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруға талдау жүргізуге және қажетті өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретін әмбебап критерийлер мен тәсілдер ұсынылды.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-28

Жоба

Раздел

Статьи