HYFLEX ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ЖЕТІСТІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Автор(лар)

  • Жумабаева А.Е. КазНПУ им. Абая
  • Ныгыманова Н.Т. ЕАГИ
  • Амирова А.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.013

Кілт сөздер:

HyFlex оқыту технологиясы, қашықтықтан оқыту, гибридтік оқыту, ақпараттық технологиялар, қиындықтар, мотивация, кәсіби жетістік, болашақ педагогтар

Аннотация

Қазіргі таңда ақпаратты тарату технологиясы мен әдістерінің дамуымен бірге оқыту мен білім беру мүмкіндіктері де артуда. Әсіресе соңғы 3 жылдағы ең маңызды және өзекті мәселелердің бірі қашықтықтан оқытуға жылдам және мәжбүрлі көшу болды. Осы орайда замауи педагогика жаңа ұғымды – «гибридтік оқытуды» белсенді түрде талқылауда. Қазіргі уақытта бұл салада нақты терминологиялық аппарат әлі қалыптаса қойған жоқ. Гибридті оқытудың негізгі идеясы білім беру мақсаттарына жету үшін онлайн, офлайн немесе екеуінің комбинациясы оңтайлы үйлестіру болып табылады. Гибридті оқыту технологиясы салыстырмалы түрде жаңа құбылыс екенін ескере келгенде, оның қолданылуы мен тиімділігін қарастырған зерттеулердің аздығы байқалады. Бұл мақалада, Hyflex технологиясын өз тәжірибесіне сәтті енгізген шет елдердің университеттерінің және американдық мектепте енгізу тәжірибесі талқыланды және нәтижелері сипатталды, сонымен қатар жоғары оқу орнында осы оқыту моделін қолдану негізінде қорытындылар берілді. Эксперименталды зерттеуде 10 сұрақтан тұратын авторлық сауалнама құрастырылып бейімделінді. Жоғарғы оқу орны студенттері арасында жүргізілген бұл зерттеуде студенттердің көпшілігі гибридті оқыту технологиясы қолдайтынын, Hyflex технологиясы арқылы білім беру студенттердің кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыруға және кәсіби мотивациясын күшейтуге үлкен ықпал ететінін анықтадық. Қорыта келгенде, жалпы бұл технологияға білім алушылардың оң қарым-қатынасы анықталды.  Осылайша, бұл технологияның өзін қолдану сапасын арттыруға, сонымен қатар студенттерге өз мамандығы бойынша тереңдетіп білім алу мүмкіндіктерін жақсартады.

Автор биографиясы

Жумабаева А.Е., КазНПУ им. Абая

д.п.н., профессор КазНПУ им. Абая, Алматы, Казахстан

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-30

Жоба

Раздел

Статьи