МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА ГЕЙМИФИКАЦИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ОҚУ ТИІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.034Кілт сөздер:
білім беру, білім алушылар, математиканы оқыту, геймификация, ойын технологиясы, оқыту тиімділігі, цифрландыру, еймификация элементтерін қолдануАннотация
Біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін анықтау мақсатында 2023-2029 жылдарға арналған білім беруді дамытудың тұжырымдамасында және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту және білім алушыларды жаңа технологияларды пайдалануға баулу процестері мен кәсіби дағдылар деңгейіне қойылатын талаптар талданды. Бұл зерттеу мектептегі математика курсын оқыту процесінде геймификация элементтерін қолданудың оқу тиімділігіне әсерін зерттеуге бағытталған. Геймификация – бұл ойын элементтерін ойын емес контексттерде қолдануға негізделген тәсіл. Зерттеу жұмысында геймификацияны енгізудің әртүрлі аспектілеріне байланысты қолдануға арналған сервистік бағдарламалар, соның ішінде «Joyteka» бағдарламасында квесттерді қолдану қарастырылады. Мақаланың мақсаты – білім беруді цифрландыру жағдайында мектеп математика курсын оқытуда геймификация элементтерін қолдану және оның оқыту тиімділігіне әсерін бағалау. Осы мақсатқа жету үшін ойын технологиясы мен геймификацияны қолдануға қатысты теориялық әдебиеттерге талдау жасалды және деректерді жинаудың әртүрлі әдістері қолданылды, соның ішінде сұхбат, сауалнама. Зерттеу барысында білім алушылардың математика сабағына қатынасын анықтау мақсатында математика мұғалімдерімен тікелей сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар, математика мұғалімдерінің оқытуда геймификация элементтерін қолдану туралы пікірлерін анықтау үшін онлайн сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде мұғалімдерді математиканы оқытуда геймификация элементтерін қолдануға арнайы даярлау қажеттілігі анықталып, математиканы оқытуда геймификация элементтерін қолдану оқытудың тиімділігін арттыруға оң ықпал етеді және осылайша білім беру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді деген қорытынды жасалды. Алынған нәтижелер білім алушылардың математиканы оқуға деген қызығушылығы мен үлгерімін арттыруға ықпал ететін тиімді білім беру стратегияларын әзірлеу үшін маңызды болуы мүмкін.