БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ: КЕДЕРГІЛЕР МЕН ОҚЫТУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.73.2.014Кілт сөздер:
жоғары білім, болашақ оқытушылар, академиялық жазу, академиялық жазудың қиындықтары, білім беру саласындағы зерттеулер, сапалы зерттеу әдісі, зерттеу дағдыларын дамыту, жазу стратегияларыАннотация
Болашақ педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруда академиялық жазу басты рөл атқарады, өйткені олардың кәсіби құзыреттіліктері ғана емес, жазба жұмыстары мен ғылыми мақалалар арқылы өз ойларын, ізденістерін тиімді жеткізе білуі керек. Осыны негізінде мақалада қазіргі білім беру жағдайында болашақ педагогтердің академиялық жазу дағдыларын дамыту қарастырылады.
Мақаланың теориялық бөлігі аясында өткен зерттеулерді талдау негізінде академиялық жазу дағдыларын меңгеру кезінде болашақ педагогтерде кездесетін негізгі қиындықтар анықталды: академиялық стандарттарды жеткіліксіз түсіну, құрылымдау және өз идеяларын дәлелдеу тәжірибесінің аздығы, тілдік құзіреттіліктегі шектеулер.
Эмпирикалық зерттеу төртінші курстың 15 студенттерімен жартылай құрылымдалған сұхбатты қолдану арқылы тақырыптық талдау әдісімен жүргізілді, оның барысында келесі зерттеу сұрақтары қойылды: «Студенттер ғылыми жұмыстарды жазу кезінде қандай қиындықтарға тап болады? Университетте академиялық жазу дағдыларын жақсарту үшін қандай стратегияларды қолдануға болады?
Тақырыптық талдау әдістемесі деректермен танысу, алдын ала кодтар жасау, тақырыптарды зерттеу, тақырыптарды зерделеу, тақырып белгілерін анықтау және қорытынды есепті дайындауды қамтитын алты қадамға негізделген.
Нәтижесінде болашақ педагогтер кезіктіретін бірқатар кедергілерді анықтады: академиялық жазу дағдыларын дамытуға бағытталған мамандандырылған университеттік пәндердің жетіспеушілігі, әдебиеттерге шолуды ұйымдастырудағы қиындықтар, зерттеу жұмысын құрылымдаудағы проблемалар және жалпы мотивацияның болмауы.
Академиялық жазу дағдыларын дамытудағы қиындықтар мен оқыту стратегияларын анықтау негізінде болашақ педагогтерді дайындау үдерісін жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар ұсынылды.