ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ КӘСІБИ ҰТҚЫРЛЫҒЫ: ҚҰРЫЛЫМЫ, МАЗМҰНЫ

Автор(лар)

  • Ағыбай К.Е. КазНПУ
  • Тұрғынбаева Б.А.
  • Таженова Г.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.016

Кілт сөздер:

ұтқырлық, кәсіби ұтқырлық, ұтқырлық сапалары, педагог-психологтың кәсіби ұтқырлығы, кәсіби ұтқырлық құрылымы, кәсіби ұтқырлық мазмұны, кәсіби ұтқыр маман, кәсіби ұтқырлықтың негізгі аспектілері

Аннотация

Қазіргі заманғы жоғары білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан жаңғырту үдерістері қоғамның экономикалық өсуі мен әлеуметтік дамуының сұраныстарына сай мамандар даярлау талаптарын қоюда. Еңбек нарығының өзгеруі жоғары оқу орындарының түлектерін белгілі бір кәсіби қызметке ғана емес, қажет болған жағдайда оның түрін өзгертуге, негізгі мамандығына қосымша жақын кәсіптермен айналысуға қажетті  сапаларын дамыту сияқты өзекті мәселеге назар аударылуда.  Бұл олардың кәсіби ұтқырлығымен қамтамасыз етіледі. Сондықтан, мақала көтеріп отырған мәселе  өзінің өзектілігімен сипатталады.

Кәсіби ұтқырлық ұғымын ретроспективті талдау барысында анықтағанымыз, бұл құбылыс алғашқыда жеке адамдардың белгілі бір кәсіпті игеру мен оның жоғарғы деңгейіне жету негізінде қарастырылса, кейінірек топтар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынас тұрғысынан зерттелген. Ал соңғы жылдары кәсіби ұтқырлық ұғымы жоғарғы оқу орындарында дайындалатын мамандардың кәсіби сапаларының мазмұны мен оны дамыту жолдары аясында қарастырылған.

Осыған байланысты, жоғары оқу орындарында оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңғырту арқылы болашақ мамандарды қызмет орындарындағы өзгерістерге дайындау,  кәсіби білімдерді игеру мүмкіндіктерін кеңейту мақсаты қойылуда. Мақалада ұтқырлық болашақ мамандардың кәсіби сапаларының ажырамас бөлігі тұрғысынан қарастырылып, педагог - психологтарды кәсіби даярлауда дамыту  қажеттілігіне назар аударылады. 

Мақаланың мақсаты – «ұтқырлық», «кәсіби ұтқырлық» «педагог-психологтың кәсіби ұтқырлығы» ұғымдарының мәнін нақтылау, құрылымы мен мен мазмұнын, эмпирикалық зерттеудің қорытындыларын сипаттау.

Мақалада зерттеу мәселесіне байланысты ғалымдардың еңбектері зерделеніп, авторлық түйіндер берілген. Педагог - психологтың кәсіби ұтқырлығы құрамына енетін сапалар нақтыланып олардың маңызына педагогикалық- психологиялық тұрғыдан сипаттамалар беріледі. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде жүргізілген эмпирикалық зерттеу нәтижелері анықталып, талдау жасалады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-28

Жоба

Раздел

Статьи