ФРАНЦУЗ ТІЛІН ЕКІНШІ ШЕТЕЛ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЗЕРТТЕУ ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҒЫ

Автор(лар)

  • Бисенбиева Р.С. Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева
  • Дуйсекова К.К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.73.2.024

Кілт сөздер:

шет тілдік білім беру, көптілділік, француз тілі екінші шетел тілі ретінде, когнитивтік-лингвомәдени әдіснамасы, мәдениетаралық қарым-қатынас субъектісі, металингвистикалық сана, трансверсальды дағдылар, тіларалық интерференция,, кіріктірілген оқыту

Аннотация

Бұл мақалада француз тілін екінші шетел тілі ретінде оқыту саласындағы зерттеулердің қазіргі жағдайы мен болашағына шолу жасалады. Авторлар француз тілін екінші шетел тілі ретінде оқытудағы қолданыстағы әдістер мен тәсілдерді талдап, әлемдік тілдік білім беру кеңістігіндегі негізгі тенденцияларды көрсетеді.

Мақалада француз тілін екінші шетел тілі ретінде оқыту академик С.С. Құнанбаеваның шет тілдік білім беру әдіснамасы шеңберінде қарастырылады. Мақаланың ғылыми-практикалық маңыздылығы когнитивтік-лингвомәдени әдіснама негізінде көптілділік жағдайында екінші шетел тілі ретінде француз тілін оқытудың тиімді моделін әзірлеу қажеттілігінен тұрады. Екінші шетел тілі ретінде француз тілін қалыптастыру перспективаларын айқындауда бірінші және екінші шетел тілдерін оқытудағы іргелі айырмашылықтар, екінші шетел тілін меңгерудегі көптілді тұлғаның металингвистикалық санасының әсері және трансверсальды дағдыларды есепке алу мүмкіндігі ескеріледі.

Теориялық және әдістемелік әдебиеттерге шолу негізінде авторлар екінші шетел тілін үйрену кезінде мұғалімдер мен студенттердің алдында тұрған қиындықтарды анықтайды және оларды еңсерудің перспективалық шешімдерін ұсынады, сонымен қатар осы саладағы білім беру тәжірибесін оңтайландыру үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажеттілігін атап өтті.

Екінші шетел тілі ретінде француз тілін оқытудың мәселерін зерделеуге бағытталған қазақстандық француз тілі оқытушыларының арасында жүргізілген сауалнамаға сүйене отырып, авторлар анықталған проблемаларды шешу жөнінде ұсыныстар жасаған. Сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып, Қазақстанда шет тілдік білім беру әдіснамасы шеңберінде жеке сала ретінде екінші шетел тілі ретінде француз тілін оқыту әдістемесін зерделеу қажеттілігі туралы тұжырымдар жасалды. Бұл мақала екінші шетел тілін оқыту саласындағы болашақ білім беру және әдістемелік әзірлемелер үшін негіз бола алады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-27

Жоба

Раздел

Статьи