БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.72.1.035Кілт сөздер:
руханият, адамгершілік,, рухани-адамгершілік тәрбие, құндылықтар, ұлттық құндылықтар, қазақ халқының ұлттық құндылықтары, бастауыш мектеп, педагогикалық шарттарАннотация
Мақалада ұсынылған тақырыптың өзектілігі негізделеді, бастауыш сынып оқушыларын рухани-адамгершілік тәрбиелеу мәселесіне баса назар аударылады. Заманауи әлемнің жаһандану шарттарында ел болашағы ретінде өскелең ұрпақ бейнесінде көрініс табатын рухани және адамгершілік дағдарыс байқалады. Зерттеу мәселесіне байланысты ғылыми әдебиеттерді зерттеу негізінде ұлттық құндылықтар мәселесі, оның ішінде ұлттық құндылықтарды бастауыш сынып оқушыларына баулудың және бастауыш сынып мұғалімнің өз тәжірибесінде ұлтымыздың салт-дәстүрін, мәдени мұрасын, рухани құндылықтарын, яғни, оқу-тәрбие үрдісін біртұтас алып жүретін халықтық педагогика негіздерінен құралатын ұлттық идеологияны көрсету мәселесінің қазіргі жайына талдау жасалып, ұлттық құндылықтарды қолдану тәжірибесі және перспективалары мен мүмкіндіктері қарастырылады. Авторлар бастауыш мектеп оқушыларының жасын білім алушының білімі мен білік негізі ғана емес, сонымен бірге өмір бойына мінез-құлқының негізі болатын құндылықтар негізі қаланатын кезең ретінде атап өтеді. Авторлар «рухани-адамгершілік», «құндылықтар», «ұлттық құндылықтар» ұғымдарының мәнін ашады. Зерттеудің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау. Аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін теориялық талдау және деректерді эмпирикалық өңдеу әдістері қолданылды. Негізгі әдіс ретінде авторлар әзірлеген сауалнаманы пайдалана отырып, бастауыш сынып мұғалімдеріне сауалнама жүргізілді, себебі, бастауыш буындағы жас ұрпақты оқытатын, тәрбиелейтін бастауыш сынып мұғалімі болып табылады. Ғылыми әдебиетті теориялық талдау, практикалық тәжірибе және сауалнама нәтижесі бастауыш сынып оқушыларының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың педагогикалық шарттарын бөліп көрсетуге мүмкіндік берді: құнды-мағыналы, пәнді-кеңістіктік, әлеуметті-байланысты және технологиялық.