ТРЕНИНГ БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ БІЛІМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ТРАНСВЕРСАЛЬДІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ

Автор(лар)

  • Г.Х. Сарсенбаева КазНПУ им.Абая
  • А.Е. Жумабаева

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.005

Кілт сөздер:

болашақ бастауыш білім педагогтерін даярлау, кәсіби дайындық, трансверсальді дағдылар, тренинг, тренингті Колб моделі бойынша жоспарлау, ұлттық құндылықтар, тренингтің құрылымы, дамыту

Аннотация

Бұл мақала бүгінгі таңда кәсіби маман даярлауда болашақ бастауыш білім педагогтерінің трансверсальді дағдыларын дамыту мәселесіне арналады. Ғылыми әдебиеттерді зерделеу негізінде трансверсальді дағдыларды дамытудың қазіргі жайына талдау жасалады. Болашақ бастауыш білім педагогтерінің трансверсальді дағдыларын дамытудың әдістерінің бірі және маңыздысы тренинг жайында сөз болады.  Икемді дағдыларын дамыту мақсатында жүргізілген тренингтерге деген студенттердің қызығушылықтары  негізге алынып, мақалада осы мүмкіндіктерге сәйкес олардың трансверсальді дағдыларын дамыту мәселесінің өзектілігі айқындалады.

 Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының білім алушыларына жүргізілген тренингтерді Колб моделі бойынша жоспарлау және оларды өткізудің нәтижелері мен кері байланыстар талданады. Зерттеу нәтижелерінде білім алушылардың трансверсальді дағдыларға деген қатынастары мен көзқарастарының оң екендігі  көрінді.

Студенттерден алынған кері байланыстар бойынша, тренинг барысында келесідей трансверсальді дағдыларды: командада жұмыс жасай білуді, креативтілікті, тиімді коммуникацияны, сыни ойлауды, трансформациялық көшбасшылықты, эмоционалды интеллектіні, тайм-менеджментті және т.с.с. дамыту  сапалы білім алуға, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Зерттеудің аралық нәтижелері тренингті жүргізудің Колб моделі мен Кембридж университетінің білім беру факультеті ұсынған тренингтік әдістердің тиімділігін айта келе және ұлттық құндылықтарды қолдана отырып, біздің авторлық тренингтер жүйесін жасауға жағдай туғызды.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-30

Жоба

Раздел

Статьи