СТУДЕНТТІК ОРТАДАҒЫ КИБЕРБУЛЛИНГ: БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЗЕРТТЕУЛЕР

Автор(лар)

  • Муканова Н.Е. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
  • Айтенова Э.А.
  • Турсунбаева А.У.
  • Таженова Г.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.015%20

Кілт сөздер:

кибербуллинг, желілік агрессия, студенттік орта, кибершабуыл, білім беру үдерісі, интернеттегі қорлау, педагогикалық ағарту, ақпараттық кеңістік

Аннотация

Мақалада студенттер ортасындағы кибербуллинг мәселелері жан-жақты талданып, шетелдік ғалымдар еңбектеріндегі бұл мәселенің теориялық негіздері айқындалған. Ақпараттық кеңістікте студенттердің киберқауіпсіздік сақтаудағы негізгі ережелері нақтыланған. Сонымен қатар, студенттерді кибербуллингке қатысудан немесе кибервиктимге айналудан қорғау үшін нақты және тиімді шаралар көрсетілген. Кибербуллингті ғылыми және практикалық мәселе ретінде зерттеудің негізгі екі бағыты айқындалған. Ғылыми әдебиеттердегі кибербуллингтің жіктелуі, студенттер ортасында аталған түрлерінің кездесу жиелігі қарастырылған. Студенттер ортасындағы мазасыздық, депрессия, стресстің жоғары деңгейі және университетке бейімделудің жеке факторлары (академиялық бейімделу, әлеуметтік бейімделу, тұлғалық-эмоционалды бейімделу және институционалдық бейімделу)  кибербуллингтің құрбаны немесе агрессоры болудың болжаушылары болып табылатындығы айқындалған.

Кибербуллингтің себептерін, нысандары мен салдарын анықтауға бағытталған 2 жоғары оқу орындарынан 110 студент арасында кибербуллинг және онлайн агрессия көрсеткіші туралы жүргізілген сауалнама нәтижелері келтірілген. Зерттеу нәтижелерін талдау студенттік ортада респонденттердің шамамен 10%  кибербуллингтің үрей тудыратынын көрсетті, 3% кибербуллингке тап болғандығын, көпшілігі дерлік кибербуллинг туралы ақпаратпен бөлісуді қаламайтынын атап өтті. Кибербуллинг тәжірибесіне көзқарастарын реніш пен ашудан тууы мүмкін деп болжады. Бұл кибербуллингті өзекті мәселе ретінде зерттеуге негіз болды. Кибербуллингті алдын алудың әдістері мен іс-шаралары, педагогикалық ағарту жұмыстары мен психологиялық-педагогикалық шарттары, сондай-ақ белгілі бір жауап түріндегі жазаны тағайындау қарастырылады. Экспериметтік жұмыс нәтижелері егжей-тегжейлі жазылып, зерттеу қорытындылары айқындалып, сипаттама  берілген. Студенттер ортасында әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас мәдениетін, желілік этиканы  дамытуға арналған шаралар мәзірін әзірлеу ұсынысы нақтыланған.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Статьи