ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА МҰҒАЛІМНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Автор(лар)

  • Юсимбаева С.
  • Озгамбаева Р.
  • Абиров М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.63.4.007

Кілт сөздер:

мәдениет, білім, заманауи, университет, кәсіпқойлық.

Аннотация

Университет оқытушысының кәсіби іс-әрекетінің өзіндік мәдени дәстүрлері бар. Өркениет тарихында университеттердің дамуымен бірге университеттік педагогикалық мәдениет феномені де қалыптасты. Уақыт өте келе оның негізгі кәсіби сипаттамалары бекітілді. Жалпы, ғылыми талдау ЖОО оқытушысының кәсіби мәдениетінің мазмұнын не құрайтынын ашады.

Университет оқытушысы – ең алдымен, өркениеттің, белгілі бір мәдениеттің өкілі, қоғам игілігі үшін қайраткер. Ғылым – қазіргі мәдениеттің өзегі болғандықтан, ұстаз – сонымен қатар білімді, тәрбиелі, азаматты тұлға. Университетте ол осы тұлғалық қасиеттерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің негізгі элемент-үлгісі болып табылады.

Тұлға қоғамда қалыптасатындықтан университет оқытушысының әлеуметтік-мәдени құзыреттілігі бірінші орынға шығады. Мұғалім білім беру ортасын ұйымдастырады, оған үлгі-өнегелер енгізеді, өз оқушыларының тұлғалық дамуына бағыт-бағдар береді. Жалпы жағдайда университет оқытушысының міндеті – идеалды таңдауға ұмтылатын, студенттердің тұлғалық өсуіне қажетті білім беру ортасын ұйымдастыру және бақылау, т.б. өзін-өзі тану дағдыларын қалыптастырумен ұштасатын құндылық бағдарлау қабілетін тәрбиелеу

Жүктеулер

Жарияланған

2021-12-27

Жоба

Раздел

Статьи