МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ЕРЕСЕК ТОП БАЛАЛАРЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ ГЕЙМИФИКАЦИЯ МҮМКІНДІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Аяпова Б.А. Докторант
  • Айтбаева А.К.
  • Алимбекова А.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.73.2.030

Кілт сөздер:

мектепке дейінгі ұйым, бала, көшбасшылық дағды, геймификация,, ойын, динамика, , механика,, элементтер

Аннотация

Мақалада мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының көшбасшылық дағдыларын геймификация арқылы дамытудың теориясы негізделіп, практикалық тұрғыда эксперимент нәтижесі арқылы берілген. Мектепке дейінгі ұйымда ересек топ балаларының көшбасшылық дағдыларын дамытуда геймификацияны қолдану мүмкіндіктері қарастырылған. Балаларда көшбасшылық дағдыларды дамытудың маңыздылығы қазіргі қоғамда барған сайын таныла бастады. Төрт жастағы  бала өміріндегі маңызды кезеңін оның жекебасы және әлеуметтік мінез-құлқының негізгі аспектілерін анықтауда авторлар ғылыми негізделген теорияларды қарастырып, оларда қандай көшбасшылық дағдыларды дамытуға болатынын, болашағына қалай оң әсер ететін іс-әрекеттер берілген. Қазіргі әлемде балаларға көшбасшылық дағдыларды үйрету маңызды міндетке айналуда. Көшбасшылық – қоғамға  бейімделуге ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар балаға өзінің әлеуеті мен айналасындағыларға әсерін түсінуге көмектеседі. Мақалада балалардың көшбасшылық дағдыларын дамытуда тиімді құрал ретінде геймификация қарастырылады. Қазақстандағы білім беруді дамытудың  мемлекеттік бағдарламасы және тұжырымдамасы басшылыққа алынған. Балалардың көшбасшылық дағдыларын геймификация арқылы дамыту мақсатында  таным, шығармашылық, әлеуметтік-эмоциалды, коммуникативтік, зерттеушілік, физикалық қасиеттерін анықтаудың ерекшеліктері көрсетіліп, құралдары анықталып, әдістері көрсетілген. Геймификация ересек топ балаларының  жылдамдыққа, белсенділікке, бәсекелестікке, ынтымақтастыққа және жетістіктерге т.б. табиғи бейімділігінің дамуына жағымды әсер етеді. Геймификация балалардың білім алуға қызығушылықтарын арттыруға ынталандырады. Осы тұрғыдан авторлар тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында алынған зерттеу нәтижелерін растайды және симуляциялық ойындардың дамыған кешенінің тиімділігін көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-27

Жоба

Раздел

Статьи