ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БОЛАШАҚ ШЕТЕЛ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ІЗДЕНУШІЛІК-ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ПАЙДАЛАНУ

Автор(лар)

  • Джусубалиева Д.
  • Адилжанова У.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.63.4.011

Кілт сөздер:

іздеу-зерттеу компетенциясы, цифрлық технологиялар, шет тілінде білім беру, интернет-іздеуш, зерттеу

Аннотация

Мақалада цифрлық технологияларды қолдана болашақ шет тілі мұғалімдерінің іздеу-зерттеу компетенциясын қалыптастыру әдістері қарастырылады. Мақаланың теориялық бөлімінде шетел тілі мұғалімдерінің негізгі компетенцияларының бірі ретінде іздеу-зерттеу компетенциясын қалыптастырудың өзектілігіне негіздеме беріледі. Болашақ мұғалімдердің кәсіби дамуы үшін іздеу-зерттеу компетенциясын меңгерудің маңыздылығы қарастырылады. Сонымен қатар, мақалада шетел тілі мұғалімінің бірқатар негізгі компетенцияларын, соның ішінде іздеу-зерттеу компетенция қалыптастырудағы цифрлық технологиялардың рөлі анықталады.

Мақаланың практикалық бөлімінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып, іздеу-зерттеу компетенциясын қалыптастыру үшін тілдік ЖОО студенттерімен тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері талқыланады. Сандық технологиялар мен интернет іздеу-зерттеу компетенциясын қалыптастыру процесінде маңызды рөл атқаратындығы көрсетілген. Студенттердің іздеу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру процесі кезең-кезеңімен сипатталып, жұмыстың студенттерге берген тиімді тұстарын анықтау үшін сауалнама нәтижелеріне сүйенеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2021-12-27

Жоба

Раздел

Статьи