АУТЕНТТІК МӘТІНДЕР НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.63.4.012Кілт сөздер:
құзіреттілік, коммуникативтік құзіреттілік, аутенттік мәтіндер, дағды, әдісАннотация
Мақалада аутенттік мәтіндер негізінде студенттердің коммуникативті құзіреттілігін қалыптастыру маңыздылығы қарастырылады. Мақаланың өзекті мәселесі, шет тілін оқытуда коммуникативті құзіреттілікті қалыптастырудың тиімді әдістерін таңдау қажеттілігімен байланысты. Осы тұрғыда мақала, аутенттік материалдар ұғымының әдістемедедегі рөлі, шет тілін оқыту мақсаттарының заманауи анықтамасына байланысты құзіреттілік туралы түсінік беріледі. Коммуникативті кұзіреттілік тұрғысынан отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне саралау жасалынады.Осыған байланысты мақаланың мақсаты – аутентті мәтіндердіңқолданудың тиімділін, оқу процесін ұйымдастырудың маңыздылығын қарастыру болып табылады. Бұл мақалада коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру принциптері қарастырылған, "аутенттік мәтіндер" ұғымы анықтамасына түсінік беріледі, аутенттік мәтіндердің жіктелуі, аутенттік мәтіндік пайдалану аспектілері көрсетіліп және әр мәтін түрі үшін оқуды ұйымдастыру кезеңдері ашылған.Шетел тілін оқытуда аутентті мәтіндерді пайдалану оқытушы мен студенттер үшін тіл мен сол елдің мәдениетін меңгеруде кең мүмкіндіктер ашады. Осыған орай, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін аутентті мәтіндерді қолдану арқылы дамыту үшін, білім алушылардың шет тілінде дағдылары қалыптасқан және орта , жоғары деңгейлерді меңгергендігі маңыздылығын ескере отырып. мақала студенттердің шеттілдік коммуникативті құзіреттілігін оның ішінде сөйлеу, тыңдау, оқу, жазу дағдыларын дамытуда аутенттік мәтіндерді қолдану әдісіне арналады.
Мақаланың практикалық құндылығында, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін аутенттік мәтіндер арқылы дамытуға арналған сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты – студенттердің коммуникативті құзіреттілігін дамыту барысында аутентті мәтіндерді қолдануының маңыздылығын қарастыру болып табылды. Сауалнаманың нәтижесінде студенттер коммуникативті құзіреттілікті дамыту үшін аутенттік мәтіндерді қолдану оқу процесінде оң нәтиже көрсететіндігі дәлелденді.