СТУДЕНТТЕРДІҢ АДАМИ КАПИТАЛДАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ РӨЛІ

Автор(лар)

  • Кударова Н.А. Международный университет Астана
  • Нургалиева М.Е.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.002

Кілт сөздер:

кәсіби білім, адами капитал, студенттер, жоғары білім, құштарлық, қабілеттілік, жаңашылдық ашуға қабілеттілік, құзыреттер

Аннотация

Мақалада студенттердің адами капиталдарын дамытудағы кәсіби-педагогикалық білімнің рөлі ғылыми-теориялық тұрғысында көптеген ғалымдардың еңбектері сарапталып, қарастырылған. Сонымен қатар, білім адами капиталды арттырудың негізгі факторы ретінде сипатталады. Мақаланың тәжірибелік бөліміне сүйене отырып төртінші курс студеттерімен зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері мақалада толығымен сипатталады және зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сүйене отырып автор адами капиталды ұтымды, үздіксіз дамыту жолдарын ұсынады. Зерттеу жұмысын жазу барысында автор адами капиталдың феноменінің жан-жақтылығына бас назар аударады.

Қазіргі кәсіптік білім беру жаһандық және аймақтық саяси, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық өзгерістер мен мәселелерден туындаған қайшылықтарға толы. Әрбір ел мемлекетің дамуындағы, әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде кәсіби білімнің рөліне сүйене отырып, сапалы мамандарды даярлау мақсатында кәсіптік білім беру жүйесін реформалауға және жаңғыртуға ұмтылады. Айтарлықтай, бұл бағытта біздің елде де көптеген жұмыстар атқарылып келеді, жыл сайын кез келген білім саласында, білім берудің сапасы артып келе жатқаның түрлі саладағы жетістіктерден байқауға болады. Сол себепті, қазіргі таңда білім алушылардың бойларында адами капиталды дамыту маңызды факторлардың бірі болып табылады және білім адам өмірінің сапасын арттырудың маңызды факторларының біріне айналып отыр. Жалпы, студеттердің әлеуеттері білім алу қауымдастығы шеңберінде қарқынды дамиды.  Осы қауымдастықтар арасындағы өзара әрекеттесу арқылы білім алушылар пікір алмасу барысында, жан-жақты білім сауаттылықтарын жоғарлату арқылы адами капиталдарын қарқынды дамыта алады.  Жоғары оқу орны студенттерге өз капиталын ұлғайтуға, құзыреттерін жетілдіруге өзінің қарқынды септігін тигізеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-30

Жоба

Раздел

Статьи