ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ КИБЕРПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР

Автор(лар)

  • Амангелдиева Г.А. Казахская национальная академия искусств имени Темирбека Жургенова
  • Кульгильдинова Т.Ә.
  • Танкыбаева М.Х.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.73.2.022

Кілт сөздер:

киберпедагогика,, киберәлеуметтену, киберкеңістік, әдістемелік жүйе, виртуалды шындық,, әдістер, технология, үздіксіз білім беру, онлайн-оқыту

Аннотация

Мақала педагогика ғылымының жаңа бөлімі – киберпедагогикаға арналған. Авторлардың алдына қойған мақсаты - орыс тілін оқытуда  апробация өткізе отырып, киберпедагогикалық тәжірибеде теориялық және практикалық ақпараттың минимумын қамтамасыз ету.

Бұл мақаланың өзектілігі ғылыми- техникалық негіздерді әзірлеу қажеттілігімен жоғарғы оқу орындарында киберпедагогикалық білім берумен айқындалады. Идея авторлары онлайн оқыту мен қашықтан оқытуды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту тәжірибесі он жылдан аса елімізді кеңінен қолданылуда. Онлайн оқыту COVID 19 пандемиясы жарияланғаннан кейін айқын дамыды. Онлайн оқытуға күрт көшу  білім алушылар мен педагогтарға қиындық туғызды.Осы мақсатта зерттеушілер киберсоциализация құбылысын ескере отырып, инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу қажет болатын студенттердің киберкеңістікке бейімделуін қарастыруда. Зерттеудің теориялық маңыздылығы ғылыми әдебиеттерді зерттеумен және киберпедагогикалық практикада әдістемелік негіздерді қалыптастырумен айқындалған.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы ғылыми әдебиеттерді зерделеумен және киберпедагогикалық тәжірибеде әдіснамалық негіздерін қалыптастырумен негізделеді.

 Зерттеудің практикалық маңыздылығы әртүрлі онлайн –сайттарда киберпедагогикалық тәжірибеде сыналған дидактикалық материалдарды әзірлеу болып табылады. Киберпедагогтар көрсеткен инновациялық әдістер мен технологиялар білім алушылардың тілдік, коммуникативтік және мәдениеттану құзіреттеріне бағытталған сабақтардың мақсаттары мен міндеттерін ашады. Әзірленген онлайн сабақтар білім алушылардың жеке басын дамыту, өзін -өзі дамыту және жүзеге асыру үшін жағдай жасауңа арналған. Өнер саласындағы болашақ мамандардың жұмысын ескере отырып, авторларды, рухани-адамгершілік тәрбиеге – Қазақстандық жастардың бойына ғылыми дүниетанымды,ұлттық өзін- өзі тануды, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, әлеуметтік- мәдени және көркемдік- өнімді қызметте шығармашылық әлеуетті іске асыруға артықшылық береді.

Авторлар әзірлеген әртүрлі онлайн форматтағы дидактикалық материалдар өз тұрғысында оң нәтиже беріп, заманауи білім берудің цифрлық трансформациясындағы әдістемелік жүйені модельдеуге мүмкіндік беретінін қорытындылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-27

Жоба

Раздел

Статьи