ЕКІ ЖАЗЫҚТЫҚТЫҢ ҚИЫЛЫСУ ТҮЗУІН ПРОЕКЦИЯЛЫҚ СЫЗБАДА САЛУДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Автор(лар)

  • Тұяқов Е.А. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Әбілқасымова А.Е. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Есетов Е.Н. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Кенжебек Х.Т.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.73.2.020

Кілт сөздер:

геометрия, салу есебі, сызба, проекция, екі жазықтықтың қиылысуы, салу әдістері, түзу, жазықтық, кеңістік

Аннотация

Мектеп оқушыларына геометрияны оқыту барысында түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесін және екі жазықтықтың қиылысу түзуін салуды үйрету үшін көптеген салу әдістерін игеруі қажет. Мақалада осы мәселе туралы айтылып, оны шешу үшін жалпы білім беретін мектептердің геометриядан оқу бағдарламасы мен оқулықтарындағы есептер мен олардың түрлері, есептерді шығару жолдарын анықтау, талдау, шешу әдістемелері мен кездесетін қателіктермен жұмыс істеу, стереометрия курсындағы жазық және кеңістіктік фигураларды кескіндеуді елестетуге арналған графиктер мен салыстырмалы суреттер, салу әдістерінің нәтижелілігін айқындайтын зерттеу жұмыстары қарастырылған.

Зерттеу жұмысының мақсаты – жоғары сыныпта геометрия курсын оқытуда оқушылардың проекциялық сызбада түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесін және екі жазықтықтың қиылысу түзуін салу әдістерін оқытуды оңтайландыру және есептерді шешуге әдістемелік ұсынымдар жасау, тақырыптың маңыздылығы мен мәнін ұғындыру.

Зерттеу әдістері - зерттеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік әдебиеттерді, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің геометриядан оқулықтар мен оқу құралдарын зерделеу және теориялық талдау, педагогикалық іс-тәжірибелерді талдау және жалпылау.

Авторлар мақалада мектеп оқушыларына проекциялық сызбада түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесін және екі жазықтықтың қиылысу түзуін салу үшін алгоритмдік қадамдарды және оларды нақты есептермен көрсетіп, әдістемелік нұсқаулар ұсынады. Ұсынылған әдістеменің тиімділігін анықтау үшін Алматы қаласының №208 мектеп-гимназиясында және 125 HIGH SCOOL мектептер желісінің  ТОО “Academ Education” мектептерінде педагогикалық эксперимент жүргізілген. Нәтижелер жоғары сыныптарда проекциялық сызбада түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесін және екі жазықтықтың қиылысу түзуін салуды оқыту бойынша әдістеменің тиімділігін көрсетіп отыр.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-27

Жоба

Раздел

Статьи