ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫН МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНА ЕНГІЗУДІҢ ЖОЛДАРЫ

Автор(лар)

  • Базилова А.А. КазНПУ имени Абая
  • Каймулдинова К.Д.
  • Сабденалиева Г.М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.030

Кілт сөздер:

тұрақты даму, білім беру, мектеп географиясы, тұрақты даму мақсаттары, сапалы білім, әлеуметтік география, қоршаған орта, оқу бағдарламасы

Аннотация

Тұрақты даму мәселелері қазіргі таңда ең өзекті болып отыр. Білім беру негізі  тұрақты даму мақсаттарына бағытталады. Зерттеу жұмысында тұрақты даму мақсаттарының білім беру үдерісінде алатын орны мен маңызы талданған. Тұрақты дамудың негізгі мақсаттары география ғылымымен байланысты болып келеді. Жұмыста сапалы білім беру мақсатының міндеттері мен индикаторлары сипатталған. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерінде тұрақты даму мәселелерінің қамтылуы және тәжірибелік жұмыстарына шолу жасалынған. Тұрақты даму тұжырымдарының шетелдерде іске асырылу бағыттары қарастырылған. Зерттеу тақырыбы бойынша әдіснамалық, ғылыми, педагогикалық әдебиеттерге, халықаралық деңгейде қабылданған бағдарламалар мен құжаттарға талдау жасалды. Тұрақты даму мақсаттарының мектеп бағдарламаларында қамтылу деңгейі зерделеніп, жүзеге асыру жолдары айқындалды. Осы тұрғыда шолу жасалған дереккөздердің тұрақты даму мәселелерін зерттеу деңгейі, зерттеу тақырыбына қатысты өзектілігі талданды. Зерттеу жұмысында жалпы білім беретін мектептердің география оқу пәні бағдарламасының мазмұнына тұрақты даму мақсаттарының идеяларын жүзеге асырудың жолдары қарастырылған. Қазақстандағы мектеп географиясының типтік оқу бағдарламаларының мазмұнына тұрақты даму мақсаттарын қамту мүмкіндіктері тұрғысында талдау жүргізілді. Талдамалық материалдар кесте түрінде жинақталып, оқу үдерісінде тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру мүмкіндіктері ретінде ұсынылды. Зерттеу барысында тұрақты даму үшін білім беру мәселесін мектептердің оқу үдерісіне, соның ішінде география пәні мазмұнымен байланыстыра енгізу мүмкіндіктері туралы талдау жүргізілді. Тұрақты даму мақсаттарын мектеп географиясына «Әлеуметтік география және тұрақты даму» атты элективті курс ретінде енгізудің әдістемелік жолдары берілді.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Статьи