ПЕДАГОГТАРДЫҢ ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫ ДИНАМИКАСЫНЫҢ ФАКТОРЛАРЫ

Автор(лар)

  • Омарова М.К. КарУ им.академика Е.А. Букетова
  • Мирза Н.В.
  • Муқанова С.Д.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.005

Кілт сөздер:

педагог, мотивация, оқу мотивациясы, педагогтің оқу мотивациясы, біліктілікті арттыру курсы, оқу мотивациясының динамикасы, оқу мотивациясының факторлар, педагогикалық дизайн

Аннотация

Мақалада зерттелген мәселенің өзектілігі қоғамның білім беру жүйесінің кез-келген деңгейіндегі педагогтарға қойылатын талаптарының үнемі өсуіне байланысты. Мақалада авторлар педагогтардың өзін-өзі жетілдеру факторы ретінде оқу мотивациясының төмендігіне және біліктілікті арттыру курстарынан өту ресми түрде болу мәселесіне назар аударады. Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерін талдау негізінде «педагогтың оқу мотивация» ұғымының мәні ашылады. Педагогтың оқу мотивациясы оның біліктілігін арттыру курсының нәтижелерін игеруде белсенді болуына себеп болатын сыртқы және ішкі факторлардың жиынтығы ретінде тұжырымдалады, бұл педагогтың өз кәсібінде оқуға деген ұмтылысына әсер етеді. Педагогтың оқу мотивациясы динамикалық құбылыс болып табылады. Біліктілікті арттыру курсы барысында педагогтың оқу мотивациясының динамикасы факторларын зерделеу мақсатында сауалнамасының нәтижелері талданды. Біліктілікті арттыру курсының бірнеше аспектілері бойынша педагогтардың оқу мотивациясының динамикасының факторлары анықталды: қарым-қатынас, оқыту әдістемесі, оқытушы, тапсырмалар және бағалау. Динамика факторлары: ұйымдастырушылық (оқыту әдістемесі, өзара әрекеттесудің интерактивтілігі, оқыту технологиялары); коммуникативті (қарым-қатынас стилі); мақсатты (курстың практикалық мақсаты, тапсырмалар курстың мақсаттарына сәйкес келу); нәтижелі (курс қорытындысы бойынша талап етілетін практикалық дағдыларды игеру). Авторлар біліктілікті арттыру курсы барысында педагогтардың оқу мотивациясының жоғары деңгейін оның динамикасын басқару арқылы қамтамасыз етуге және қолдауға болатындығын атап өтті. Зерттеу нәтижелері бойынша тұжырымдар жасалады. Педагогтардің оқу мотивациясының динамикасына әсер ететін қарастырылып факторлар біліктілікті арттыру курстарының педагогикалық дизайнында ескерілуі керек. Педагогикалық біліктілікті арттыру курсы педагогтардің тыңдаушы ретіндегі кәсіби білімінің, іскерлігі мен дағдыларының, оқу мотивациясының өсу факторларын қамтамасыз ететін жүйе болуға тиіс.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Статьи