«ТҰЛҒАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ» ҰҒЫМЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Автор(лар)

  • Ұзақбаева С
  • Сағымбай Ж

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.63.4.017

Кілт сөздер:

шығармашылық белсенділік, тұлға, іс-әрекет, шығармашылық іс-әрекет, тұлғаның шығармашылық белсенділігі, ойлау, психика белсенділігі, рефлексия, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі дәріптеу, өзінің ойын айту, тұлғалық білім беру, психофизиологиялық жағдай

Аннотация

Қазіргі қоғам мен білім берудің басты міндеттерінің бірі өскелең ұрпақ тұлғасын тәрбиелеу және жан-жақты дамыту болып табылады. Бұл міндеттерді шешу үшін, ең алдымен, тұлғаның шығармашылық белсенділігін дамыту қажет. Шығармашылық белсенділік проблемасы әртүрлі ғылыми бағыттар мен мектептер өкілдерінің (философия, психология, педагогика және т.б.) зерттеу пәні болып табылады. Бүгінгі таңда тұлғаның шығармашылық белсенділігі феномені ғылыми әдебиеттерде жан-жақты қарастырылып, әртүрлі көзқараста берілген, бұл оның көпжақтылығын, маңыздылығын және күрделілігін дәлелдейді.

Мақалада тұлғаның шығармашылық белсенділігінің мәні, мазмұны айқындалады, «шығармашылық», «белсенділік», «тұлға», «іс-әрекет», «шығармашылық іс-әрекет», «шығармашылық белсенділік», «тұлғаның шығармашылық белсенділігі» ұғымдарына әртүрлі көзқараста берілген анықтамаларға талдау жасалады, «тұлғаның шығармашылық белсенділігі» ұғымына авторлық анықтама және тұлғаның шығармашылық белсенділігінің негізін құрайтын компонеттерге, сондай-ақ тұлғаның құрылымдық компонеттеріне сипаттама беріледі, осы үдерісті ұйымдастырудағы факторларды, шарттар мен принциптерді анықтауға әрекет жасалады. Зерттеудің мақсаты ғалымдардың «тұлғаның шығармашылық білсенділігі» ұғымы туралы көзқарасына кешенді талдау беру, тұлғаның шығармашылық белсенділігін қоғамның бүгінгі даму кезеңінде дамытудың мәнін, мазмұнын және маңыздылығын негіздеу.

Жүктеулер

Жарияланған

2021-12-27

Жоба

Раздел

Статьи