ОРТА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ «ПЕДАГОГ» МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАУҒА ДАЯРЛАУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫНЫПТАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.73.2.019Кілт сөздер:
педагогикалық мамандық, ерте кәсіби бағдарлау, «Педагог» мамандығына даярлау, педагогикалық сынып қызметі, ғылыми-әдістемелік негіз, орта білім беру ұйым,, білім алушылар, «Педагог» мамандығына қызығушылықАннотация
Қазіргі таңда елдегі білім беру жүйесінің алдында орта мектеп оқушыларының педагогикалық мамандыққа деген ынта-қызығушылығын арттыру және педагогикалық мамандықтарға неғұрлым ынталы және дайындалған талапкерлерді тарту міндеті өзекті мәселе болып тұр. Ұсынылған мақалада «Педагог» мамандығына деген қызығушылықты ерте қалыптастырудың өзектілігіне, жоғары сынып оқушыларының педагог мамандығын саналы түрде таңдауына және педагогикалық сыныптар қызметінің ғылыми-әдістемелік негіздемесіне басты назар аударылуда. Педагогикалық сыныптарға деген мұндай қажетті қызығушылық, бір жағынан, ерте педагогикалық даярлық идеясын оқушылар мен олардың ата-аналары және педагогтары қолдағанын, екінші жағынан, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылығы, Алматы қаласы білім басқармасы, Жалпы орта білім беру ұйымдары арасындағы меморандум негізінде ауқымды ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстың нәтижелерін айғақтайды.
Зерттеудің мақсаты – орта білім алушылардың «Педагог» мамандығын ерте таңдауға даярлаудағы педагогикалық сыныптар қызметін ғылыми-әдістемелік негіздеу. Аталған мақсатқа сәйкес, ғылыми-әдістемелік деректерді теориялық талдау және эмпирикалық бейімдеу әдістері ғылыми талқыланады. Мақала авторлары «педагог маманын даярлау», «педагогикалық сыныптардың әдістемелік қызметі», «ғылыми тұғырлы әдістемелік негіздеулер» және басқада зерттеу жұмысы ұғымдарының мәнін ғылыми негіздейді. Зерттеуде жүргізілген ғылыми талдаулар педагогикалық сынып қызметін ғылыми-әдістемелік негіздеудің қағидалары мен әдіснамалық тұғырларыды ғылыми негіздеуге жағдай жасайды. Зерттеу барысында орта білім алушылардың «Педагог» мамандығын таңдауға даярлығын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу үдерісін ғылыми әдістемелік қолдаулар көрсетудің жағдаяттары жан-жақты қарастырылған.