ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНІҢ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ ӘРЕКЕТІНЕ ДАЯРЛАУДАҒЫ МҮМКІНДІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Ережепов Т. Т. КазНПУ имени Абая
  • Жүнисбек Д.Н.
  • Кудериев Ж.К.
  • Сарсенхан Т.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.011

Кілт сөздер:

денсаулық, әрекет, денсаулықты сақтау, оқыту үдерісі, болашақ педагогтар, жоба әдісі, дайындық, жоғары оқу орны

Аннотация

Мақалада болашақ педагогтарды денсаулықты сақтау әрекетіне дайындауда оқыту үдерісінің мүмкіндіктері мәселелелері қарастырылады.

Болашақ педагогтар өзінің өмір салттарын, іс-әрекеттерін мақсатты  түрде таңдаушы, әрі өзгертуші, денсаулықты сақтау әрекетіне деген көзқарастарын өзгерте және қайта қарай алатын оқу үдерісінің субъектілері ретінде қарастырылады. Болашақ педагогтардан талап етілетін негізгі мақсат – денсаулықты оның физиологиялық, психологиялық және өзіндік деңгейінде басқарудың негізгі заңдылықтарын білу, денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастырудың мүмкіндіктерін меңгеру. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерге, жоғары оқу орнындағы оқу бағдарламалары мен оқу үдерісіне жүргізілген сараптамалар көрсеткендей, бүгінгі таңда болашақ педагогтардың денсаулықты сақтау әрекетіне қатысты көзқарастарын қалыптастырудың мазмұны, құрылымы мен деңгейі дене тәрбиесі пәні арқылы жүзеге асырылады, ал мұның өзі оның жеткіліксіз екендігін аңғартады.

Зерттеу барысында болашақ педагогтарды денсаулықты сақтау әрекетіне дайындау жоғары оқу орындарында бірнеше пәннің аясында ғана жүзеге асырылатындығы анықталды. Аталған пәндердің студенттердің бойында денсаулық сақтау әрекетіне дайындығын қалыптастыру мүмкіндіктері салыстырмалы түрде беріледі. Сонымен қатар, болашақ педагогтарды денсаулықты сақтау әрекетіне дайындаудағы оқыту үдерісінің мүмкіндіктері анықталып, лекция және семинар сабақтарында қалыптастыру әдістемесі көрсетіліп, аудиториядан тыс уақытта жоба әдісі арқылы студенттердің денсаулықты сақтау әрекетіне дайындығын қалыптастырудың мазмұны ашып көрсетіледі.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-30

Жоба

Раздел

Статьи