МҰҒАЛІМНІҢ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.63.4.018Кілт сөздер:
болашақ мұғалімнің кәсіби этнопедагогикалық даярлығы, басқару, педагогикалық құзыреттілік, басқарушылық құзыреттілік, басқарушылық іс-әрекет, кәсіби іс-әрекет, педагогикалық менеджмент, мұғалім-менеджерАннотация
Мақалада болашақ мұғалімдерді кәсіби этнопедагогикалық даярлау тенденциялары мен ерекшеліктеріне талдау жасалады; болашақ мұғалімді этнопедагогикалық даярлау сапасына қойылатын заманауи талаптар ашып көрсетіледі; мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттеріне, педагогикалық құзіреттілік құрылымына талдау жасалып, болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің тиімділігіне әсер ететін басқарушылық құзыреттіліктер анықталады.
Болашақ мұғалімнің басқарушылық құзіреттілігін қалыптастырудың тиімділігі жөнінде тұжырым жасалады: яғни оның тиімділігі бір жағынан, оқу пәндерінің мазмұнын педагогикалық менеджмент мәселелерімен толықтыру, сондай-ақ басқару іс-әрекетінің теориясы және тәжірибесімен кеңейту; екінші жағынан, болашақ мұғалімдерді тәжірибелік-бағдарлы іс-әрекетке мақсатты түрде тартумен анықталады.
Авторлар көрсетуінде, болашақ мұғалімнің басқарушылық құзіреттілігін қалыптастыру жоғары оқу орындарындағы маманды кәсіби этнопедагогикалық даярлаудың құрамдас бөлігі болып табылады.