МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ДӘУІРІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢАУДИТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫ

Автор(лар)

  • Ризаходжаева Г.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2021.63.4.016

Кілт сөздер:

мультимедия,, құзыреттілік,, технологиялар, шетел тілі, аудитивті құзыреттілік.

Аннотация

Бұл мақалада студенттер арасындағы мультимедия сияқты ұғымдар және шетел тілін қаншалықты тиімді меңгеруге болатындығы қарастырылады.Мақалада шет тілінің негізгі құзыреттіліктерінің бірі ретінде аудитивті құзыреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы негізделеді. Болашақ мұғалімдердің кәсіби дамуы үшін олардың аудитивті құзыреттілігін меңгерудің маңыздылығы қарастырылады.

Мақалада мультимедиялық технологияларды қолдану, осы процеске байланысты артықшылықтар мен қиындықтар қарастырылады. Ақпараттық технологияларды кез келген деңгейдегі білім беру жүйесіне енгізу бүгінгі таңда әлемдік білім беру үдерісінің дамуындағы тұрақты тенденциялардың бірі болып табылады. Осыған байланысты оларды мультимедиа арқылы білім беру саласында пайдалану барынша дамыған.

Мақалада мультимедиялық білім беру технологияларының жағдайы мен дамуы талданады. Білім беруде мультимедиялық технологиялардың пайда болу себептері көрсетілген. «Мультимедиялық білім беру» ұғымының мазмұны ашылды.

Мақалада мультимедиялық білім берудің когнитивтілігі көрсетілген. Мультимедианы пайдалану кезіндегі оқыту технологияларындағы айырмашылықтар көрсетілген. Мультимедияны пайдалану кезіндегі оқыту технологияларының артықшылықтары көрсетілген.

Мақалада шет тілі мұғалімінің бірқатар негізгі құзыреттіліктерін, соның ішінде аудитивті құзыреттілігін қалыптастырудағы мультимедия технологиялардың рөлі айқындалған. Мақалада студенттер арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижелері берілген. Аудитивті құзіреттілікті қалыптастыру процесінде мультимедиялық технологиялар мен интернет ресурстарының маңызды рөл атқаратыны көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланған

2021-12-27

Жоба

Раздел

Статьи