АРТ-ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ӘЛЕУЕТІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.016Кілт сөздер:
мектепке дейінгі ұйым, педагог-тәрбиеші, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогі, арт-технология, кәсіби құзыреттілік, дамыту, әлеует, кәсіби іс-әрекетАннотация
Қоғамның қарқынды даму жағдайында, саяси және әлеуметтік мүмкіндіктердің кеңейе түсуіне байланысты, постиндустриалдық ақпараттық қоғам құру мен мәдениетаралық қарым-қатынастардың күн арта күшейуі, экономиканың дамуы, бәсекелестіктің артуы, біліктілікті қажет етпейтін еңбек саласының азайуы, әр қызмет саласындағы мамандардың іріктелуі мен үнемі кәсіби біліктілігін арттыру мәселесі, жан-жақты мобильді маман болу сияқты заманауи құзыреттіліктердің айқындалуы, тұлға құндылықтарының рөлінің жоғарылауы. Педагогиканың міндеті мемлекет азаматын, отбасы иесін, білікті маман дайындауға көмектесу. Қазақстанның білім саясаты ұлттық көзқарастарды ескеріп, әлемдік бірлестіктерге таныстырып, озық үлгідегі әлемдік тәжірибелерге де сүйенеді. Жаңа білім беру парадигмасы қалыптасып қалған жүйенің күрделі түрде, түбегейлі мазмұны мен болашақ мамандарды даярлау технологиясының көркейуін, яғни мектепке дейінгі білім беру мамандарының да жаңғыруын талап етуде.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту маңызды мәселе болып табылады. Мұнда арт-технологиялар қолдану арқылы кәсіби білім беру үдерісін жақсарту мүмкіндіктері қарастырылады. Арт-технологиялар (өнер технологиялары) білім беру жүйесінде шығармашылық қабілеттерді дамытуға, оқыту әдістерін әртараптандыруға, және оқу үдерісін қызықты әрі тиімді етуге көмектеседі.
Авторлар болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арт-технологиялар арқылы дамыту олардың кәсіби деңгейін жоғарылатуға, білім беру сапасын жақсартуға және мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық әдістерді енгізуге мүмкіндік беретініне назар аударады.
Мақалада болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арт-технологиялар арқылы дамытудың әлеуеті талданған. Авторлар болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арт-технология негізінде дамыту мүмкіндіктерінің маңыздылығын ашқан.
Сондай ақ, мақалада эмпирикалық зерттеу нәтижелерін шығаруда бірнеше әдістемелер қолданылды. Олар: шығармашылық ойлау диагностикасы (Графикалық бейнені құрудың икемділігін зерттеу (Э.П.Торренс бойынша), студенттердің көркемдік және шығармашылық қабілеттерін диагностикалау (Н.А. Лепская әдістемесі бойынша).