БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КОММУНИКАТИВТІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ АСПЕКТІЛЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.74.3.007Кілт сөздер:
мәдениет, коммуникативтік мәдениет, коммуникация, кәсіби мәдениет, тілдік мәдениет, педагогикалық тіл, болашақ бастауыш сынып мұғалімдері, педагогАннотация
Мақалада жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру мәселесі қарастырылып, оның қазіргі таңдағы зерттелу деңгейіне түрлі ғылыми еңбектер негізінде шолу жасалады. Сонымен қатар болашақ мұғалімдер даярлығындағы кәсіби сауатты педагогикалық тілді тиімді қолданудың маңыздылығы айқындалып, оған сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына ықпал етуші және коммуникативтік мәдениетті құраушы компонент ретінде сипаттама беріледі. Авторлар жоғары оқу орны білім алушыларының педагогикалық бағытқа сәйкес кәсіби тілдік және коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруда қазіргі таңдағы түрлі зертттеу еңбектерінде ұсынылатын құралдарға талдау жасап, олардың тиімділігін қарастырады.
Зерттеудің мақсаты отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерін басшылыққа ала отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру мәселесіне жүйелі теориялық талдаулар мен өзіндік тұжырымдар жасау болып табылады. Негізгі әдістер ретінде зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми еңбектерді талдау және жалпылау, салыстыру, синтез және негізгі ұғымдарға контент-талдау жасау қолданылады.
Шолу нәтижесінде контент-талдау әдісі арқылы «коммуникативтік мәдениет» категориясының мәні айқындалып, осы ұғымға терең түсінік беруде басшылыққа алынатын түрлі ұстанымдар мен көзқарастар талданып, тұжырымдалады. Болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын жүзеге асырудағы маңызды «коммуникативтік мәдениет» ұғымының мәні бүгінгі ғылымда әртүрлі қатынас тұрғысынан анықталып, әлемдік ғылым кеңістігіндегі әр кезеңдердегі түрлі зерттеулер мен авторлардың көзқарастары, тұжырымдары негізінде зерделенеді.
Педагогикалық процесті жүзеге асырудағы коммуникативтік мәдениеттің педагог қызметіндегі қажеттілігі мен маңыздылығы айқындалып, оны қалыптастырудың қазіргі ғылымдағы жолдары сараланады. Нақты жағдайда осы процесті имитациялауға және сол арқылы білім алушылардың меңгерген кәсіби білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік беретін симулятивтік технологияны қолданудың тиімділігі сөз етіледі.