ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Бисенгалиева А.М. ЗКАТУ им.Жангир хана
  • Дюсегалиева К.О.
  • Қыдырбек Р.Ы.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.64.1.014

Кілт сөздер:

қашықтықтан оқыту, оқыту формасы, процесс, онлайн оқыту, ақпараттандыру, технология, интернет, модуль, бағдарлама

Аннотация

Қазіргі жаһандану дәуірі кезеңінде маңызды міндеттердің бірі халықты өркениеттің жаңа жағдайларында өмір сүруге дайындау. Осы тұрғыда адамдардың өмірі мен кәсіби қызметінің барлық салаларында түбегейлі өзгеруіне байланысты қабілетті білім берудің жаңа технологиялық жүйесін құру. Әр түрлі шектеулермен байланысты мәселелерді шешуге және білім беру қызметтерін тұтынушылардың санын көбейтуге қабілетті білім беру жүйесіндегі оқыту технологияларының бірі қашықтықтан оқыту болып табылады.

Қашықтықтан оқыту-қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім берудегі ақпараттық технологиялардың салыстырмалы түрде жаңа және перспективалы бағыттарының бірі. Қашықтан оқытудың тиімділігі оған енгізілген педагогикалық мағынамен анықталады және түсіндіріледі. Қашықтықтан оқыту технологиялары таңдау курстарын, ақпараттық жұмысты және бейіндік бағдарлауды ұйымдастыру арқылы білім алушылардың өзін-өзі анықтауына ықпал ететін білім беру кеңістігін құруға арналған.

Дүние жүзінде пандемия жағдайында короновирустық инфекцияның таралуына байланысты білім беру жүйесіне өзгерістер әкелді. Бeрiлгeн мaқaлaмыздa еліміздің ЖОО-да заманауи білім берудің негізгі қағидалары және сандық білім берудің негізгі мәселелері қарастырылды. Атап айтсақ Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты күндізгі оқу бөліміедегі білім алушыларды қашықтықтан оқытуға көшіру ұсынылды. Осы зерттеудің негізінде трансформациялау жағдайында сапалы білім беру үрдісін қамтамасыз ету үшін профессор-оқытушылар құрамының сандық құзыреттілігін дамытудағы негізгі бағыт-бағдарын айқындады.

Жүргізілген зерттеудің маңыздылығы елімізді сандық дамыту жағдайын бейімделу үшін білім беру жүйесін табысты жүзеге асыру қажеттілігімен байланысты. Зерттеудің жаңалығы мақалада педагогикалық әдістерді кең көлемде қолдануда сандық құзыреттіліктерін дамыту тәсілімен анықталады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи