ЖАЙЛЫ ОРТА - МҰҒАЛІМНІҢ ЖАҒЫМДЫ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҚСАТТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫН ДАМЫТУ ФАКТОРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.015Кілт сөздер:
ерекше білім қажеттіліктері бар білім алушылар, инклюзивті білім беру, жайлы орта, коммуникативті толеранттылық, жағымды қарым – қатынас, бейімделген оқу жоспары мен бағдарламалары, өзіндік даму, мақсатты көзқарастар жүйесіАннотация
Мақала барысында авторлар жағымды орта құру мүмкіндіктерін басты фактордың бірі ретінде қарастырады, ол инклюзивті білім беру ортасында білім беру арасында жағымды қатынас жүйесін құруға мұғалімдердің құндылық бағдарларын дамытуға арналған ұтымды жолдың бірі. Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты мұғалімдердің мақсатты көзқарастарын дамыту арқылы, білім беру ортасын жайлы құрып және оның жағымды қатынастар жүйесін қалыптастыруға әсерін зерттеу. Оның барысында авторлар, жайлы орта дегеніміз не, оның негізгі аспектілері мен мүмкіндіктеріне, жағымды қатынастар жүйесін қалыптастыруға әсер ету факторларды, мұғалімдердің мақсатты көзқарастарын дамыту мүмкіндіктерін теориялық тұрғыда талдау жүргізді. Жайлы орта – инклюзивті білім беру ортасын құру бағытында қарастырылып, білім беру ортасындағы мұғалімнің мақсатты көзқарастарын дамыту мүмкіндіктеріне салыстырмалы талдау жүргізілді. Өз зерттеулерінде авторлар жағымды орта қай деңгейде мұғалімнің кәсіби негізде дамуына, ішкі және сыртқы мотивациясын арттыру мен өз білім алушылары арасында қажетті қарым – қатынас үштігін құруға әсерін көрсеткен. Мұғалімнің өзіне деген сенімін арттыруға, ілгері даму жолында кәсіби білімі мен білігінің шыңдалуына оқу ортасының жағымды болуының маңызы көрсетілген. Жағымды орта құру факторлары мұғалім мен білім алушылар арасында сенім ортасы мен ынтымақтастық жолдарын құраға әсері негізделген. Сонымен қатар, мұғалім бойында тұрақты негізде құрылған жағымды ұстанымдар (эмоционалды тұрақты болу, қарым – қатынас құру, психологиялық жағымды ахуал құруға бағдар) өз кезегінде ұжымда жағымды қатынас құруға тікелей әсеріне талдау жасаған. Зерттеудің қолданбалы деңгейі мектеп директорлары арасында жүргізілген нәтижелермен айқындалды, зерттеу барысында алынған нәтижелер болашақта мектеп деңгейінде тиімді өзгерістер енгізуге негіз бола алады. Зерттеу нәтижелерін өңдеуге Google онлайн-платформасы, SACERS шкаласы мен The Teacher Efficacy for Inclusive Practices (TEIP) сияқты арнайы инклюзивті білім беру ортасын зерттеуге арналған құралдар пайдаланылды.
Зерттеу нәтижесінде авторлар инклюзивті жағымды орта құру мұғалімнің жеке және кәсіби даму деңгейінің көрсеткіші ғана емес, сол ортаның жағымды ахуалын, білім алушылар арасындағы жағымды қарым – қатынасты құру құралы, ол өз кезегінде сапалы білім беру процесін ұйымдастырудың басты факторы, әр білім алушыға жайлы орта құрудың тиімді жолы екенін көрсеткен.