ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ

Автор(лар)

  • Елеусіз А. Kazakh National Women Training Pedagogical University
  • Танкибаева М.Х.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.014

Кілт сөздер:

медиа сауаттылық, құзыреттілік, медиа, мұғалімнің дамуы, орта білім, сауалнама, педагогикалық-дидактикалық құзыреттіліктер, сандық талдау

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі ағылшын тілі мұғалімдерінің жеке және педагогикалық-дидактикалық дағдыларға баса назар аудара отырып, медиа сауаттылық құзыреттері зерттеледі. Бүгінгі медиаға толы әлемде білім беру үшін мұғалімнің бойында жеке және педагогикалық дидактикалық медиа сауат құзыреттіліктерінің болуы маңызды. Зерттеу Қазақстанның қалалық және ауылдық жерлеріндегі ағылшын мұғалімдерінен деректерді жинау үшін сауалнаманы пайдалана отырып, прагматикалық бағыттағы тәсілді қолданды. Мақсатты іріктеу әртүрлі білім беру жағдайында медиа сауат тәжірибесі туралы тиісті түсініктерді бере алатын мұғалімдерді таңдауды қамтамасыз етті. Медиа сауат құзыреттілігін бағалауға арналған валидацияланған құралдан бейімделген сауалнама жеке және педагогикалық-дидактикалық дағдыларды жан-жақты қамтуы үшін таңдалды. Сауалнама деректерінің сандық талдауы болжамды растау, айнымалы мәндерді бағалау және мұғалімдер арасында медиа сауат құзіреттіліктерің бағалау стратегияларының қолданылуы мен тиімділігі туралы қорытынды жасау үшін сипаттамалық және қорытынды әдістерді қолданды. Сауалнама нәтижелері мұғалімдердің медиа сауаттылық құзыреттеріндегі елеулі айырмашылықтарды көрсетеді, техникалық қолдану дағдылар жоғарғы көрсеткіш көрсеткенімен, сыни тұрғыдан түсіну мен қоғамда белсенділік таныту дағдылары төмен деңгейді көрсетеді. Нәтижелер пікірталастар мен постер жасау сияқты шығармашылық тапсырмалардың мұғалімдер арасында медиа сауаттылық құзыреттілігін бағалау үшін ең жиі қолданылатын стратегиялар екенін көрсетті. Қорытындылар мұғалімдердің жеке медиа сауат дағдыларын және оқыту тәжірибесін күшейту үшін мақсатты оқыту және қолдау қажеттілігін көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Статьи