ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ АРТ -ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Автор(лар)

  • Жолдасбекова С.А. Южно-Казахстанский университет имиени М.Ауезова
  • Мадиева Д.П.
  • Қаратаева М.С.
  • Тунгишбаева Ж.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.80.1.017

Кілт сөздер:

цифрландыру жағдайы, студенттер, арт-технологиялық құзыреттілік, проблеманы шешу, шығармашылық ойлау, soft skills, коммуникация дағдылар, дамыту

Аннотация

Мақалада цифрландыру жағдайында студенттердің арт-технологиялық құзыреттілігін дамытудың теориялық негіздері мен тәжірибелік аспектілері жан-жақты қарастырылған. Зерттеу мақсаты – жоғары білім беру жүйесін цифрландыру жағдайында студенттердің арт-технологиялық құзыреттілігін дамытудың теориялық және әдістемелік мүмкіндіктерін ашып көрсету. Студенттердің арт-технологиялық құзыреттілігін дамыту арқылы оларды командалық жұмысқа бейімдеп, проблемаларды шешу қабілеті мен коммуникативті дағдыларын жетілдіру ықпалы анықталды. Мақалада отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалып, цифрландыру жағдайында студенттердің арт-технологиялық құзыреттілігін дамытудың тиімді әдістері ұсынылды.  ЖОО-да «Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарламасы мазмұнына студенттердің арт-технологиялық құзыреттілігін дамытуға байланысты эллективті пән енгізілді. Сабақ барысында 3D модельдеу, анимация, виртуалды/кеңейтілген шындық (VR/AR), цифрлық музыка мен дыбыс, генеративті жасанды интеллект (ЖИ) секілді технологиялар қолданылды. Бұл технологиялар студенттердің шығармашылығы мен кәсіби бейімін қалыптастыруға әсер етті. Арт-технологиялық құзыреттілік – бұл студенттің өнер тілін цифрлық құралдармен синтездеп, эстетикалық шығармашылық, технологиялық және этикалық құқықтық талаптарды сақтай отырып өнім жасай алу қабілеті болып табылады. Ал мұның өзі кәсіби педагогикалық даярлықтың өзегіне айналады. Эксперимент нәтижесі студенттердің арт-технологиялық құзыреттілігінің біршама жоғары деңгейде дамығандығын көрсетті.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles