ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ИНТЕРМӘТІНДІ ОҚЫТУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ МОДЕЛІ

Автор(лар)

  • Бекпенбетова С.С. әл-фараби атындағы ҚазҰУ
  • Конырова А.Т. Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan
  • Бораш Р.Б. Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan
  • Ержанова С.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.007

Кілт сөздер:

әдебиет, лингвистика, стилистика, проза, интермәтін, модель, оқыту, әдістеме

Аннотация

Бүгінде көркем мәтін стилистикасын зерттеуде интермәтін мәселелері ғалымдардың назарын аудартып отыр. Интермәтін жөнінде лингвистика мен әдебиеттану ғылымында қайшылықты көзқарастар көп болғанымен, бүгінгі таңда аталмыш мәселені зерттеу жүйелі түрде қолға алына бастады. Интермәтіннің тудыратын ассоциациялық белгілері шығарманы толық түсінуді, әрі көркемдік танымды дамытуды қажет етеді. Өйткені, бұл тек бір ғасырдың шеңберіндегі танымды емес, әдебиеттің барлық интерпретациялық шеңберін қамтиды. Сондықтан қазақ прозасын бірнеше кезеңге бөліп қарастырамыз. Әрбір кезеңнің өзіне тән тілдік, стилистикалық, көркемдік ерекшеліктері бар екендігі анық. Әрбір кезеңдегі прозалардағы интермәтіндердің берілуі де ұлттық мәдени кодтың белгілерін толық қамтиды.

Қазіргі қазақ прозаларындағы стилистикалық ерекшеліктерді бағалай алу үшін оқырмандық қабілетті дамыту қажет болады. Оқырманның қабылдау стилистикасы да көптеген интерпртациялық, герметивтикалық талдаулардың негізгі өрісін құрайды. Мұндай дағдыларды қалыптастыру үшін ЖОО-да прозалық шығармалардың шегі тәуелсіздік жылдарындағы шығармалармен шектелмеуі қажет. Студенттердің сыни дағдыларын, әдеби талдау дағдыларын қалыптастыру үшін замандас жас жазушылардың шығармашылығымен таныстыру да қолға алынуы қажет. Ал қазіргі қазақ прозаларындағы кезеңдік интермәтіндік байланыстарын оқыту мәселелерін зерттеу бірізділікте емес. Прозалардағы интермәтіндерді оқытудың арнайы моделі жоқ. Мақалада қазіргі қазақ прозаларындағы интермәтінді оқытудың тиімділігі нақтыланып, құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды. Модельде қазіргі қазақ прозаларындағы интермәтіндерді оқыту арқылы ЖОО студенттерінің сыни дағдыларының дамуының өлшемдері, оқытудың теориялық-әдіснамалық, мазмұндық-әрекеттік компоненттері анықталды.

Автор биографиялары

Конырова А.Т. , Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, ф.ғ.д.,профессор.

Бораш Р.Б. , Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, педагогика ғылымдарының кандидаты

Жүктеулер

Жарияланған

2025-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles