«АРМАНДАУШЫ, РЕАЛИСТ ЖӘНЕ СЫНШЫ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КРЕАТИВТІ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ

Автор(лар)

  • Нурбекова C.М. НАО Казахский национальный женский педагогический университет

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.027%20

Кілт сөздер:

креативтілік, білім сапасы, болашақ мұғалім, креативті тұлға, «Армандаушы, реалист және сыншы» технологиясы, шығармашылық ойлау, идея, оқыту тиімділігі, креативтік әдістемелер

Аннотация

Мақала болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің креативтілігін дамытудың бүгінгі деңгейі мен маңыздылығы, сондай-ақ болашақ мұғалімдердің жаңашылдықтарды игеріп қана қоймай, жалпы қоғамда, соның ішінде  білім беру жүйесіндегі жылдам өзгерістерге дайын болу мүмкіндіктері егжей-тегжей қарастырылады. Өйткені, мұндай өзгерістер мұғалімнің жеке тұлғасының өзгеруін, үнемі өзін жетілдіруін, шығармашылық белсенділігінің шыңдалуын талап етуде. Зерттеу барысында цифрландыру, жаһандану, қолданбалы дағдыларды дамыту  және үнемі жаңартылып отыратын білім беру стандарттары жағдайында болашақ мұғалімдерді даярлауда  педагогтердің креативтілік құзыреттілігін жетілдіруі, өзін-өзі дамытуы, тәжірибеде қолдануға ұмтылуы, креативтілікпен жаңа идеялар іздеуі өз кәсібіне деген жауапкершілігін арттырудың жолдары қарастырылды. Креативтілік пен оның деңгейлері, креативті тұлға ұғымдарына байланысты зерттеушілердің еңбектеріне талдау жасалды. Болашақ мұғалімнің креативтілігін  дамытудың  шарттары ретінде  өзін-өзі дамытудың жоғары деңгейіне жету, креативті ортада тәжірибе алмасу, педагогтерге қолдау көрсету жолдары ғылыми түрде дәлелденді. Болашақ мамандардың креативтілігін дамытуға негіз болған Роберт Дилтстің «Армандаушы, реалист және сыншы» әдісін қолданудың тиімділігін анықтауда Дельфи әдісі,  Эдвард де Бононың латеральді ойлау (бүйірлік ойлау), Уильям Гордонның «Синектика», өнертапқыштық есептерді шешу теориясы сынды  тиімді әдіс-тәсілдердің сараланды.  Сонымен қатар, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің креативтілігін анықтау үшін қолданылған Эстанислао Бахрахтың бірнеше техникасы көрсетіліп, қорытындысы жасалды. Әдістеме негізінде мәселеге басқа қырынан қарауға, ұғымды ассоциациялау арқылы терең түсініп, әрекет етуге, креативті ойлауға кезеңдермен жетуге үйрету деңгейлері анықталды. Сондай-ақ,  білім алушылардың креативтілігін жетілдіруде  өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру,  шығармашылыққа ізденімпаздықпен ұмтылудың  маңыздылығы айқындалды.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Статьи