ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДА ХИМИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫ ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.76.1.014Кілт сөздер:
жоғары оқу орны, химия мұғалімдерін даярлау, химияны оқыту, сапалы білім беру, оқытушының әсері, оқу-әдістемелік құралдардың сапасы, студенттің белсенділігі,, студенттер мен оқытушылардың көзқарастарыАннотация
Бұл мақалада болашақ химия мұғалімдерін даярлау саласында химия пәндерін меңгеруге әсер ететін негізгі факторлар зерттелді. Зерттеу барысында студентт ердің химияны меңгеруіне әсер ететін үш негізгі фактор қарастырылды: оқытушының әдіс-тәсілдері, студенттердің белсенділігі және оқу-әдістемелік құралдардың сапасы. Зерттеуде сауалнама, интервью және дискуссия әдістерінің триангуляциясы арқылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім алушылары мен оқытушыларының пікірлері талданды. Зерттеу нәтижесі бойынша оқытушының қолданатын әдіс-тәсілдері мен ақпаратты ұсыну тәсілдері, тапсырма беруі, бағалауы және кері байланыс орнатуы студенттердің химияға деген қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуына ықпал етеді. Атап айтқанда, жағдаяттық оқыту әдістері, интерактивті әдістер (топтық және жұптық жұмыстар, дискуссия), сондай-ақ инновациялық әдістердің (виртуалды зертхана, жасанды интеллект, онлайн платформалар) үйлесімі оқу сапасын арттыруға мүмкіндік беретіні анықталды. Сонымен қатар, студенттердің өздігінен білім алуы мен оқу үдерісіне белсенді қатысуы олардың академиялық жетістіктеріне әсер етеді. Оқу-әдістемелік құралдардың сапасы мен қолжетімділігі де маңызды рөл атқарады. Силлабустар, қосымша материалдар және оқу порталдарының сапасы студенттердің білім алуын жеңілдетіп, өз бетімен оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Зерттеуде оқу әдістері, студенттерге жайлы орта құру және виртуалды зертхананы қолдану бойынша ұсыныстар жасалды. Зерттеу нәтижелері мен ұсыныстар болашақ химия мұғалімдерін даярлау үдерісінде оқу-әдістемелік құралдарды тиімді пайдалану және педагогикалық процестерді жетілдіруге ықпал етеді.