КӨРКЕМ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ ЗАМАНАУИ ТРЕНДТІК БАҒЫТТАҒЫ ТУЫНДЫЛАР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.009Кілт сөздер:
заманауи трендтік бағыттар, заманауи бейнелеу өнері, инсталяция, перфоманс, энвайронмент, көркемдік білім, көркемдік талдау, көркемдік үдерісАннотация
Мақалада Қазақстандағы заманауи өнер түрімен айналысатын суретшілердің туындылары мен техникасы туралы көркемдік талдаулар берілген. Заманауи өнердің трендтік бағыттары инсталляция, перфоманс, энвайронмент өнері көрсетілген және олардың өзіндік айырмашылықтары мен жаңашылдығы жағынан талдау жасалынған. Зерттеудің мақсаты болашақ бейнелеу өнері мамандарын жаңа трендтік бағытта жұмыс жасайтын суретшілермен таныстыру жолдарын анықтау, олардың шығармашылығын оқу контенті ретінде тану болған. Мақалада зерттеу әдістері: заманауи трендтік бағыттарды талдау; инсталляция, перфоманс, энвайронмент атты трендтік бағыттарындағы ерекшеліктері, жаңашылдығы және айырмашылығы ашып көрсетілді; жаңа бағыттарды оқу контенті ретінде талдау жасалып, жіктеп даярланды. «Заманауи өнер» атты элективті курс бағдарламасында перфоманс, инсталяция, энвайронменттің көркемдік талдаулар туралы тақырыптар жасалды. Бағдарлама үш блоктан құрастырылды. Бағдарламаға байланысты студенттерден сұрақтарға жауап алынды және «талдау жаттығулары» орындалды. Заманауи бейнелеу өнері бағытында жұмыс жасайтын суретшілердің шығармашылық жұмыстары қарастырылды. Әр суретшінің бейнелеу өнерінде өзіндік стилі мен бағыт болатыны негізделген. Бейнелеу өнеріндегі жаңа трендтер суретшінің өзіндік қолтаңбасы мен ойын жеткізу құралы ретінде танылған. Заманауи бейнелеу өнерінің дамуы мен оның инсталляция, перфоманс, энвайронмент бағытындағы жасалынған шығармашылық жұмыстарына көркемдік талдау жасалған. Осы аталған заманауи бейнелеу өнер түрлерінің ерекшелігі, оның материал мен техниканы таңдамайтындығы көрсетілген. Қазақстандық суретшілердің заманауи бейнелеу өнер жолын таңдап, Республикалық және Халықаралық деңгейдегі көрмелерге қатысу сипаты сарапталған. Заманауи өнерінің жаңашылдығы әлемдік деңгейдегі мәселелерді батыл ашып көрсете алуы, адамға тек көру қабілетімен ғана емес, есту және есте сақтау арқылы әсер ету мүмкіндіктері ашылып көрсетті.