ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ – БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

Автор(лар)

  • Сейдина М.З. Tashenov University
  • Ахметова Г.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.018%20%20

Кілт сөздер:

толеранттылық, цифрлық мәдениет, түсіну, өзара түсіну, ынтымақтастық, кәсіби мәдениеттілік, цифрлық мәдениеттілік, болашақ маман

Аннотация

Мақалада цифрлық мәдениетті қалыптастырудың өзектілігі және болашақ мамандарды даярлаудағы цифрлық мәдениеттің алатын орны қарастырылады. Авторлар болашақ мамандардың цифрлық мәдениетін қалыптастырудың факторы ретінде толеранттылықтың құрылымын зерделейді. Қазіргі өндірістегі цифрлық экономиканы өркендетудегі толеранттылықтың маңызы «кәсіби мәдениеттілік» пен «цифрлық мәдениеттілік» ұғымдарымен талқыланады.

Студенттерге жүргізілген «цифрлық мәдениет деңгейлері» бойынша сауалнама нәтижелері білім беру саласындағы ғалымдардың зерттеулеріне сәйкестендіріліп, материалдық, символдық, рухани деңгейлерге топтастырылып көрсетіледі. Сауалнаманың нәтижесінде келесідей сұрақтар шешіледі: 1) Цифрлық мәдениеттің материалдық деңгейіндегі әртүрлі цифрлық құрылғылар туралы; 2) Цифрлық мәдениеттің символдық деңгейіндегі бағдарламалау тілдері туралы; 3) Цифрлық мәдениеттің рухани деңгейіндегі цифрландырудың ұлттық, халықаралық, этникалық құндылықтары туралы.

Зерттеу тобына Ж. Ташенев атындағы университеттің «Педагогика және психология» (10 студент) және «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының (58 студент) 3 курс студентттері қатысады. Мамандықтардың ерекшеліктеріне сәйкес цифрлық мәдениетті толеранттылықтың «түсіну», «өзара түсіну», «ынтымақтастық» құрылымдары бойынша цифрлық мәдениет деңгейлерінде (материалдық, символдық, рухани) негізделеді.

Авторлар толеранттылықты болашақ мамандардың цифрлық мәдениетін қалыптастырудың факторы ретінде цифрлық мәдениет деңгейлерімен тұжырымдар жасайды: 1) Мамандықтардың ерекшеліктеріне сәйкес «цифрлық мәдениетті қалыптастыруды» ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салаларымен интеграциялау; 2) «Педагогика және психология» және «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша цифрлық мәдениетті материалдық деңгейде сенсорлық экрандар, смартфондар, камералар, бейне проекторлар мен бейне бақылау жүйелері т.б. цифрлық құрылғыларды кәсіби деңгейде қолдану; 3) Болашақ мамандарды даярлауда цифрлық мәдениеттің символдық деңгейін процедуралық, модульдік және құрылымдық бағдарламалаудан объектіге бағытталған бағдарламалау тілдеріне сәйкестендіріп оқыту; 4) Цифрлық мәдениеттің рухани деңгейінде цифрландырудың ұлттық, халықаралық, этникалық құндылықтарын жүйелі түрде автоматтандыру.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Статьи