НС ЦИФРЛЫҚ ОРТАДА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БАЛАЛАР ӘНДЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ

Автор(лар)

  • Даркембаева А.Б. Абай атындағы ҚазҰПУ
  • Султанова М.С.
  • Бейсембаева А.А.
  • Балажанова К.М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.034

Кілт сөздер:

цифрландыру, цифрлық қоғам, музыкалық «Finalе» ноталық бағдарламасы, балалар әндері, әндер қолжетімділігі, музыкалық білім, цифрлық технологиялар, репертуар

Аннотация

Мақала жаһандану заманының өзекті тақырыптарының бірі цифрландыру мәселесіне бағытталған. Онда цифрлық бағдарламаларды білім жүйесіне ендіру, әдістемелік тұрғыда оны қолдану мүмкіндіктері мен тиімділігі, мәндік-мазмұндық сипаты ғалым-зерттеушілердің еңбектеріне сүйене қарастырылады. Болашақ музыка мұғалімдерін кәсіби дайындауда тәжірибелік-әдістемелік жұмысқа аса қажетті деп танылған қазақ тіліндегі балалар әндерінің ноталық жазбаларының цифрлық платформада қолжетімділік деңгейінің төмендігі кеңінен талданады. Қазақ тіліндегі балалар әндерінің ноталық жазбаларын қайта теру, жинақ ретінде баспадан шығару, цифрлық ортада қолжетімді ету «Finalе» музыкалық бағдарламасы негізінде Қазақстан композиторларының ноталық жазбаларын цифрландыру» тақырыбындағы ішкі қаржыландыру жобасының басты мақсаты болып танылады. Авторлар «Finalе» музыкалық ноталық бағдарламасын өз ой-парасатын музыкалық әуен арқылы жеткізетін сазгерлерге, хор немесе оркестр ұжымдарының жетекшілеріне, дирижерларына, музыкалық шығармалардың әрлендіруші мамандарға, іскерлік орындаушылық шеберліктерін жетілдіруді алдына мақсат етіп қойған музыка мамандарына таптырмас пайдасы мол бағдарлама деп айқындайды. Балаларға арналған қазақ тіліндегі әндердің цифрлық педагогикадағы сипаты мен қолжетімділігін қарастыра келе, жоба зерттеушілері білім алушылар мен өнер сүйер қауымға, тұтынушыларға тиімді, әрі қолдануда қарапайымдылығымен ерекшеленетіндей цифрландырылған өнімнің нәтижелерін ұсынуды басты назарда ұстайды. «Final» музыкалық бағдарламасы негізінде аспаптық шығармалар, мектеп оқушыларына арналған балалар әндерінің ноталық жазбалары қайта теріліп, ноталықстанда редакторланып, электрондық кітапхана қорын толықтыруды, теріліп жинақталған туындыларды QR код арқылы құжаттандыруды басты мәселе ретінде қарастырып, ұлттық құндылық ретінде балалар әндерін сақталып дамуына өзіндік үлес қосатындығын көрсетіп қарастырады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Статьи