БАЛАБАҚШАДАҒЫ ИНАБАТТЫЛЫҚ ТӘРБИЕСІ (ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.64.1.025Кілт сөздер:
рухани-адамгершілік құндылықтар, инабаттылық тәрбиесі,, рухани жаңғыру, ұлттық тәрбие, салт-дәстүрлер, мектеп жасына дейінгі балалар, жас ерекшеліктері, қарым-қатынас, оқыту мен тәрбиелеуАннотация
Адам бойындағы рухани құндылықтардың қалыптасуы мектепке дейінгі балалық шақта басталады. Дәл осы жаста баланың бойында әлеуметтік талаптардың негізінде қалыптасатын ішкі нормалардың, мінез-құлқының қозғаушы мотивтерінің мазмұнын игеру үдерісі жүре бастайды. Осындай ассимиляцияның нәтижесінде бала рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі болып табылатын құндылықтар стандарттарының ерекше жүйесін қалыптастыра алады. Бұл құндылықтарды инабаттылық тәрбиесімен үйлестіре қарасақ оны шартты түрде екі топқа бөлуге болады: отбасылық құндылықтар (махаббат, қамқорлық, мейірімділік, жанашырлық, дәстүр, үлкендерге құрмет, отбасының кіші мүшелеріне қамқорлық, туған жерге деген сүйіспеншілік, табиғатқа ұқыпты қарау) және ұлттық мәдени құндылықтар (өнер туындылары, фольклор, ұлттық мерекелер, еңбек пен шығармашылыққа құрмет ж.т.б.).
Инабаттылық тәрбиесі мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде баланың отбасында алған салт-дәстүрлер негізіндегі рухани ізгі қасиеттерін сақтай отырып, тәрбие көзі болып табылатын ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге, ұлтымыздың бағасыз салт-дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымыздың ерекшелігін дәріптеуге бағытталған. Халқымыздың ұлттық мәдени мұраларында сақталған рухани, жалпы адамзаттық құндылықтарды бала бойына қалыптастыруда қоршаған дүниені тануға қатысты мәселелер аталмыш мақалада кең қамтылған.
Аталған инабаттылық тәрбиесі балабақшадағы тәрбие мен оқыту іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында ауыз әдебиеті үлгілерін, ұлттық ойындар, өнер, салт-дәстүрлерді тұтас қамтып, олардың бірлікте жүзеге асуын көздейді. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сай мазмұндық деңгейде құрылған.
Тәрбие ісіндегі нақтылық пен жүйелілікті сақтай отырып, балалардың шығармашылық іс-әрекеттерін де негізге алатын құрал, ұлттық тәрбие негіздерінің бала санасына сіңуіне қажетті жағдайлардың жасалуына зор көңіл бөледі.
Осы зерттеудің мектепке дейінгі тәрбие жұмысында салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жинақтап, саралап қолдану арқылы ұлтын мақтаныш ететін, салтын сыйлайтын, тілін құрметтейтін, адамгершілігі мол болашақ азаматты тәрбиелеуде маңызы жоғары.