ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.022Кілт сөздер:
оқытудың интербелсенді құралдары, болашақ мұғалім, білім беруге дайындық, цифрлық сауаттылық, құзіреттілік, білім беру курсы, бастауыш мектеп, педагогикалық білімАннотация
XXI ғасырда тәжірибелі мұғалім үшін міндетті, негізгі дағдылардың бірі – цифрлық технологияларды оқу үдерісіне кіріктіре білу болып табылады. Алайда, зерттеулер көрсеткендей, технологиялық прогресске қарамастан, қазіргі уақытта мұғалімдердің цифрлық технологияларға қатысты құзыреттері, өкінішке орай, талап етілетін деңгейге сәйкес келмейді. Ағымдағы зерттеу болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің цифрлық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында DigCompEdu (Еуропалық цифрлық құзыреттілік шеңбері) негізінде терең зерттеп бағалау үшін ұйымдастырылған. Зерттеуге І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 6В01301 – «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» білім беру бағдарламасының күндізгі бөлімінде оқитын, 14 апталық «Білім берудегі интербелсенді технологиялар» курсынан өткен 29 студент (4 курс, бакалавриат) қатысты. Курс барысында студенттер сауалнама, портфолио құрастырып, рефлексиялық есеп жазды, осыған орай әр студентке құзіреттіліктің белгілі бір деңгейі тағайындалды. Нәтижесінде қатысушылар нақты оқу мақсатына сәйкес педагогикалық тәсілді, контекст пен оқушының қажеттіліктерін ескере отырып, цифрлық ресурстарды таңдауды, құруды және ұйымдастыруды үйренді, қажет болған жағдайда оқу процесін реттеу үшін қандай цифрлық технологиялар оқушылардың үлгерімін бақылауға мүмкіндік беретінін білді. Болашақ мұғалімдерге тиісті цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, білім алуда оқушылардың барлық жеке қалаулары мен қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік беретін жеке оқу жоспарларын құру тәжірибесіне назар аудару қажет деген қорытынды жасалды.